• Ср. Ноя 27th, 2024
Популярные метки

Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында халыққа түсіндірме жұмыстары жүргізілді (-1-)

Автор:admin

Июн 24, 2024
Spread the love

Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының тапсырмасына сәйкес маусым айының 24 күні Созақ аудандық төтенше жағдай бөлімінің жеке құрам қызметкерлерімен бірлесіп «ОТБАСЫНДАҒЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!» атты республикалық акциясы өтті.
Іс шараға Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығы мен аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Қанат Ақбаев, Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық қорғау тобының инспекторы Айжан Манапова, «Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу» секторының маманы Біржан Саржанов, психологы Құралай Ыдырысова қатысты.
Шара барысында Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық қорғау тобының инспекторы Айжан Манапова Мемлекет басшысы ағымдағы жылғы 15 сәуір күні «Қазақстан Республикасынның кейбір заңнамалық актілеріне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойылғандығы туралы айтып өтіп, сол заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Айта кететін, биыл 15 сәуірде президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің құқығын қорғау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заңға қол қойды.
Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер:
Осы заңмен Қылмыстық кодекске жаңа 98-3 бап қосылды. Ол «Қылмыстық құқықбұзушылық жасаған адамның мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу» деп аталады.
Яғни сот қылмыстық құқықбұзушылық жасаған агрессорды үш айдан бір жылға дейін психологиялық көмектен өтуге мәжбүрлей алады.
Сонымен қатар жәбірленушіні іздестіруге, қудалауға, оған баруға, ауызша не телефон арқылы сөйлесуге тыйым салуы мүмкін…

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика