Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті. Облыстық құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау және білім саласының өкілдері, сонымен қатар комиссия мүшелері, аудан, қалалардағы комиссия төрағалары мен хатшылары, қоғамдық ұйым өкілдері қатысқан жиында үш мәселе қаралды.
Күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Бегімхан Ахметов кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын-алу мақсатында атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өкілі кәмелетке толмағандардың жазғы демалысын ұйымдастыру және демалыс маусымында қауіпсіздікті алдын алу шаралары туралы, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова да осы саладағы жұмыстарды баяндады. Содан соң облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Мейіржан Жалайыров білім беру ұйымдары жанындағы жол инфрақұрылым белгілері «Қауіпсіз жол» жобасы жайында мәлімдеді.
Айта кетейік, облыста арнайы және ресми халықтың шомылатын орындары жоқ елдімекендерде модульді-каркасты бассейіндер сатып алынып, тегін және қауіпсіз шомылуына мүмкіндіктер жасалынуда. Биыл жыл басынан бері 72 дана қаркасты бассейн сатып алынып, орнатылды. Қазіргі таңда жалпы каркасты бассейндер саны 143-ге жетіп отыр…