Бүгінде демалушылар гидроциклдерді белсенді түрде пайдаланады, ал оларды қауіпсіздік ережесіне бағынбай пайдалану адам өміріне қатер төндіруі мүмкін. Кәсіпкерлік Кодекске сәйкес Министрлік жағажайларға тексеріс жүргізуді, олардың аумағында адам өлімі фактілері тіркелген жағдайда ғана жүзеге асыра алады. Осыған байланысты демалыс орындарының инфрақұрылымына бақылау күшейтіледі.
Маңызды міндеттің бірі – балалардың қауіпсіздігі. Балалар лагерлеріндегі қауіпсіздік шаралары күшейтілген.
Сонымен қатар ішімдік ішіп, мас күйде суға шомылу адам өліміне әкелетінін ескере отырып, ТЖ департаменті полициямен бірлесіп, рұқсат етілген және тыйым салынған орындарда патрульдеу мен рейдтер өткізеді.
Айта кететін, көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық суларда шомылудың қауіптері:
Өзендер мен көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық суларда шомылудың қауіпі мол, себебі инфекциялық аурулардың қоздырғыштары ағын суда: Іш-сүзегі 183 тәулік, дизентерия 12-92, оба 4-92, туляремия 7-31, бруцеллез 4-45 тәулікке дейін өмір сүреді.
Аяқ-қол тырысуы (судорога) болғанда сіздің іс-әрекетіңіз:
Суық суда шомылу қол-аяқтың тырысып қалуына әкеліп соғады.
— егер тырысу болғанда жүзуді тоқтатып суға арқаңызбен шалқалай жатыңыз, сабырлық сақтаңыз.
— Қолыңыздың саусақтары тырысып қалғанда жұдырығыңызды түйіңіз, қолыңызды бір жаққа қарай серпе лақтырып, жұдырығыңызды ашыңыз.
— Балтыр бұлшық еті тырысқанда бүгіліп қолыңызбен аяғыңыздың басын қысып бар күшіңізбен өзіңізге қарай тартыңыз, немесе аяғыңызды судың астына созып, аяғыңыздың бармақтарын алға иіңіз. Содан соң балтырыңызды сылаңыз.
— Тырысу қойысымен тынығып алып, жүзудің басқа әдісімен жағаға шығыңыз…