• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ЗАҢ МЕН ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚОРҒАУШЫЛАР (-2-)

Автор:admin

Июн 19, 2024
Spread the love

2. Ережені Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің (бұдан әрі – қызметкерлер) сақтауы үшін міндетті этиканың көпшілік мақұлдаған нормалардан және мемлекеттік қызмет ерекшеліктерінен туындайтын негізгі тәртіп ережелері белгілейді.
3. Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін-өзі қауіпсіз сезінуге, полиция қызметкерін оның өмірін, денсаулығын, намысы мен абыройын қылмыстық қол сұғушылықтан сенімді қорғауға қабілетті қорғаушы ретінде білуі тиіс.
4. Заң берген кең құқықтар мен өкілеттіктерге ие болып, полиция қызметкері ұстамдылық пен жоғары мәдениеттілік таныта отырып, оларды білікті және саналы пайдалануы тиіс.
5. Қызметкерлер құқық бұзушылықтардың жолын кесу кезінде табанды болуға міндетті, сонымен қатар олардың іс-әрекеттері құқықтық тұрғыда мінсіз, заң бұзушылықтарды, азаматтардың, оның ішінде ұсталғандар мен қамауға алынғандардың құқықтарына қысым көрсетуді болдырмайтындай түсінікті болуы тиіс.
6. Қызметкерлер халықтың назарында ұдайы болатынын және полицияның абыройы оның мінез-құлығына байланысты екенін әрқашан есте ұстауы керек.
Әрбір полиция қызметкері:
– өзінің парызын адал орындауға; – орындаушылыққа, ұқыптылыққа, кәсіби біліктілікке, қарапайымдылыққа, нақтылыққа, өзінің және өзгенің уақытын бағалай білуге негізделген іскерлік тәртіпті ұстануға;
– үнемі өз тәртібін, сезімдері мен эмоцияларын бақылап, өзінің жеке симпатиялары немесе антипатияларының, жек көру сезімінің, жағымсыз көңіл-күйдің немесе достық қарым-қатынастың қызметтік шешімдерге әсер етуіне ерік бермеуге;…

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика