• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Гендерлік теңдік – мемлекет дамуының ұйытқысы

Автор:admin

Окт 3, 2022
Spread the love

Дамуға бет алған кез келген гендерлік саясатты даму бағытының ажырамас бөлшегінің бірі санайды. Ер мен әйел өмірдің барлық салаларында теңдей қызмет етуі мемлекеттің әлеуметтік стратегияларының қарқынды дамуына ықпал ететіні сөзсіз.

Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін әлемдік қауымдастықтың тең дәрежелі әріптесіне айналып, Қазақстан көптеген елдермен ынтымақтастық орната бастады.

Дамыған Батыс елдерінде гендерлік саясаттың екі ұшын тең ұстаудың арқасында көптеген елдердің көптеген экономикалық табыстарға қол жеткізіп жатқанын көрдік. Осыдан кейін 1998 жылы өзінің дәстүрлі Қазақстан халқына арнаған Жолдауында гендерлік саясат елімізде қолға алынған демократиялық реформалардың маңызды бөлігі екенін атап көрсетті.

Міне, содан бері Қазақстанда гендерлік саясат өркендеп, ер мен әйелдің тең құқықтық жағдайы мықтап орныға бастағанын білеміз.

Кеңес заманындағы кемшілік

Бүгінде елімізде азаматтарды жынысына, тегіне қарап ешкім алаламайды. Ең бастысы, қабілет қарымы мен кәсіби біліктілігін басшылыққа алады. Жалпы, тәуелсіздік жылдарында қалыптасып, бүгінде аяғына нық тұрған гендерлік саясат  ел дамуының негізгі өзегіне айналып отырғаны белгілі.

Кеңес заманында адамдарды таптық жікке бөліп қарастырған идеология гендерлік саясатқа тиісті деңгейде назар аударған жоқ.

Сол кезде жас қыздарды ер-азаматтармен бірге ауыр жұмыстарға жегіп, трактор айдатып, денсаулықтарына біраз нұқсан келтіргені жасырын емес. Әңгіменің ашығын айтсақ, әміршіл-әкімшіл жүйе азаматтарға еңбек күші ретінде қарады. Бұл қате саясат болғаны анық.

Ал бұл уақытта әлемде әйел азаматтарды қорғау мен гендерлік саясатты нығайтуға қатысты тұтас концепция қалыптасқан еді.

Әлемдік тәжірибе алға бастайды

Қазақстан өзінің тәуелсіздігіне ие болғаннан кейін гендерлік саясатты әлемдік стандарттарға сай жүргізуге күш салды. Бұл бағыттағы жұмыстар жемісін беріп, еліміздің өсіп-өркендеуіне септігін тигізгенін атап айтуға болады.

Дамыған елдердің іс-тәжірибесіне сүйеніп, гендерлік саясатты жүргізу үшін Қазақстанның халықаралық актілерді қабылдап, түрлі ұйымдарға мүше болуы маңызды.

Қазақстан ең бірінші рет 1995 жылы Әйел азаматтардың жағдайын жақсартудың Бейжің тұғырнамасын қабылдаса, 1998 жылы еліміз БҰҰ-ның әйелдерге қатысты барлық кемсітушілікті жою туралы Конвенцияға қосылғанын білеміз. Осыдан кейін еліміз көптеген өзге де құжаттар мен келісімдерге қол қойып, гендерлік саясатты дамытуға бел буып, білек сыбана кірісті.

Қазіргі таңда елімізде қоғамдық өміріміздің барлық саласында гендерлік теңдікті нығайту ісімен мемлекеттік деңгейдегі жоғары мәртебеге ие Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия құрылып, еліміздегі гендерлік саясатты табысты жүзеге асырып келе жатқанын атап айтуға болады. Осылайша, 20 жылдың ішінде Қазақстанда гендерлік саясатты дамытудың өзіндік іс-тәжірибесі қалыптасты деуге болады.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика