Жыл сайын 23 маусымда қазақстандық полицейлер өздерінің кәсіби мерекелерін тойлайды.
Қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу – мұның бәріне жоғары кәсібилік қана емес, сондай-ақ батылдық, борышқа адалдық, жауапкершілік қажет. Барлық полиция қызметкерлеріне кез келген сәтте көмекке келуге дайын болғаны үшін алғыс айтамыз. Тәртіп сақшыларының жұмыстарының тиімділігі — қазақстандықтардың қауіпсіз өмірінің, ертеңгі күнге деген сенімінің кепілі.
Полиция жұмысы – бұл қылмыспен күрес, қиын сәтте көмекке мұқтаж жанға қол ұшын созу. Республика бойынша күн сайын 14 мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қоғам тыныштығы мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Ал тәуелсіздік жылдарында ішкі істер органдарының 817 қызметкері қызмет бабында қаза тапты.
Ішкі істер органдары мемлекеттік биліктің ең маңызды құрылымдарының бірі ретінде қоғамда құқықтық тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде айрықша маңызға ие.
Елдегі тыныштық пен тұрақтылықты сақтап, беріктікті нығайту мақсатында құрылған қазақстандық полиция қызметі бұл күндері Тәуелсіздігімізді қорғауда, ел тыныштығын сақтауда қатқысыз қызмет атқарып келеді. Сіздердің кәсіби қызметтеріңіз үлкен жауапкершілік жүктейді және кез-келген қауіп-қатерге тайсалмай қарсы тұруымен ерекшеленеді.
Кәсіби мерекеге орай Түркістан облысының полицейлерін түрлі сала мамандары құттықтады. Құттықтаушылар тәртіп сақшыларының қиын да қауіпті қызметтеріне сәттілік тілеп, атқарып жатқан жұмыстарын жоғары бағалайтындығын әдемі тілекпен жеткізді.
Баршаңызға зор денсаулық, бақыт, амандық тілейміз!
Мереке құтты болсын!