• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ПОЛИЦИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

Автор:admin

Июн 22, 2024
Spread the love

Түркістан облысы Полиция департаменті Жетісай аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен Жетісай аудандық мәдениет үйінде салтанатты мерекелік шара өтті.
Елге құрмет, антқа адалдық, рух беріктігі және қатаң жауапкершілік полиция қызметкерін әр уақытта даралап келген. ⠀
Қоғамдағы бейбітшілік пен тәртіпті сақтаудағы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуде полиция қызметкерлерінің еңбегі зор.
Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін-өзі қауіпсіз сезінуге, полиция қызметкерін оның өмірін, денсаулығын, намысы мен абыройын қылмыстық қол сұғушылықтан сенімді қорғауға қабілетті қорғаушы ретінде білуі тиіс.
Салтанатты шара ҚР Мемлекеттік Гимнімен басталып, Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Т.Елшібаевтың арнайы құттықтауына ұласты.
Ол Ішкі істер органдарының ардагерлері мен жеке құрам қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жұмысын жоғары дәрежеде атқарып жүрген полиция қызметкерлеріне Жетісай ауданы әкімінің арнайы «Алғыс хатын» табыстады.
Іс-шараның марапаттау рәсімін Жетісай аудандық полиция бөлімінің бастығы А.Сапарбеков жалғап, жеке құрам қызметкерлері мен ІІО-да қызмет еткен ардагерлерді марапаттап, зейнет жасына жеткен полиция қызметкері Ақылбек Ануарбекұлына зор кұрмет көрсетіп шығарып салды.
Сонымен қатар, осы салада қызмет атқарып мезгілсіз қайтыс болған қызметкерлердің ата-аналарына да жеке құрам атынан өзінің шынайы алғысын білдіріп, сый-сияпат табыс етті.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика