ЮНЕСКО-ның «Әйелдерге қатысты дискриминацияның барлық формаларына жол бермеу жайлы конвенциясына» қол қойды, ал 1998 жылы Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының әйелдерге қатысты дикриминацияның барлық формаларын тоқтату жайлы конвенциясына қосылған болатын. Дәл қазіргідей ашық қоғамда заман талабына сәйкес қоғамдағы ер азаматтар мен арулар әлемі гендерлік саяси көзқараспен қарасақ, теңескендей. Әйтсе де, қазақ қыздарының бүгінгі күнгі тәуелсіз қоғамымыздағы орны қандай? «Қоғамдық прогрессті әйел жынысының қоғамда алатын орнымен дәл өлшеуге болады», — деп жазған екен Карл Маркс. Бұрынғы даналардың жазғандарына көз жүгіртсек, көбі әйел адамды тек «шаңырақтың сақтаушысы», «бала күтушісі» ретінде ғана қарап, қоғамдық жұмыстарға араластырмаған. Қазіргі заманда әйел адам қоғамдық жұмыстардың барлық түрінде, билік басында да, жеке кәсіпкерлікке де, әскери іске де, ғылымға да араласып жүр. Дегенмен, мәселе әйел адамдардың осы іс-әрекет түрлеріне қандай дәрежеде араласып жүргенінде. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Парламентінде тек 26 әйел бар. Бірде-бір әйел-облыс әкімі жоқ, барлығы 5 әйел ғана облыс әкімінің орынбасары, 2 әйел аудан басқарады. Аудан әкімдері орынбасарларының ішінде тек 17% әйелдер, ауыл және кент округтері әкімдерінің 11% әйелдер. Биліктің ең жоғары эшелонында – ел үкіметінің құрамында – 3 әйел министр, 1 – Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары, 4 – жауапты хатшы, 2 – вице-министр бар. Жалпы, бүгінгі таңда шешім қабылдау деңгейіндегі әйелдердің үлесі бар-жоғы 10,3% құрайды. Қазақстанның статистика агенттігі 2005 жылы мемлекеттік қызметкерлердің 57 пайызы — әйелдер деген мәлімет таратқан. Қазақстандағы әйелдердің еңбекақысы ер адамдарға қарағанда 40 пайызға кем. Әйелдер құқын қорғау жөніндегі ұйымдардың мәліметі бойынша әйелдер тек орташа қызметтерде көпте, ал, басшылар қатарында аз. Гендерлік саясат саласындағы кейбір мамандардың пікірінше, Қазақстанда Шығыс дәстүрін сылтауратып, әйелдерді жынысына қарап кемсіту, бар, деп есептейді. Реформа жылдарында әйелдердің экономикалық белсенділігі айтарлықтай арта түсті. Өндірістің әртүрлі салаларында үстіміздегі жылы 3,6 млн. әйел жұмыс істеген. Олар бүгінде халықтың экономикалық белсенді бөлігінің шамамен жартысын (48,9%) құрайды. Әйелдердің жұмыссыздығы төмендеп келеді, бірақ әлі күнге маңызды проблема болып қалуда (2006 жылғы үшінші тоқсанда 8,8%-дан артық), ол елдегі жалпы жұмыссыздық деңгейінен (7,5%) артық. Осыған байланысты ҚР халқын жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасында көзделген мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары еңбек нарығында әйелдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі шаралар және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарын қолдану болып табылады. 2006 жылы республиканың жұмыспен қамту органдарына өтініш жасаған 138,7 мың жұмыссыз әйелдің жартысынан көбі жұмысқа орналастырылған (96,9 мың адам). Әйелдердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі шаралар қабылдануда. 2006 жылы оқуды 14,2 мың әйел аяқтаған, 4,1 мың әйел қайта дайындықтан өткен, 700-ден астам әйел екі аралас кәсіпті меңгерген. Оқыған әйелдердің 11,3 мыңы жұмысқа тұрған, солардың ішінде 196 адам өз кәсіпкерлік істерін ашқан. Қоғамдық жұмыстарға 75,5 мың әйел қатысқан. Қазіргі таңда жалданып жұмыс істейтін әйелдерге туылған балалардың жалпы санының үштен біріндейі тура келетінін ескере отырып, Кодекстің ерекше ережелері жүкті әйелдер мен бір жарым жасқа дейінгі балалары бар әйелдердің құқықтарын қорғайды. Әйелдердің орташа жалақысының деңгейін көтеру және оның еркектердің орташа жалақысына қарағанда қалып келе жатқанын түзеу мемлекет саясатының маңызды бағытының бірі болып табылады.
R-ақпарат