• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Гендерлік саясаттың қоғамдағы алатын орны

Автор:admin

Окт 3, 2022
Spread the love

Қазіргі кезде қоғамдағы әйел мен ердің орны туралы түсініктер мен көзқарастар, стереотиптер мен әлеуметтік үрдістер ерекше өзекті мәселеге айналып отыр. Себебі бүгінде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін зорлықсыз өмір cүрудің жолдарын іздеу аса маңызды. Осындай жағдайда гендер мәселесін дәстүрлі дүниетаным шеңберінде қарастырудың қажеттілігі туындайды. Өйткені ер мен әйелдің қоғамдық рөлі жайлы ұғым мен ұстаным ұрпақтан ұрпаққа дәстүр бойынша жалғасып келе жатқан, тамыры тереңге кеткен түсініктер негізінде қалыптасады.

Бұл түсініктер қоғам дамуының ұзақ тарихы бойында дамып отырады және оның тарихи, экономикалық, саяси, психологиялық және діни қырлары бар.
Қазақстанда қазіргі кезде жүріп жатқан әлеуметтік – экономикалық, мәдени, саяси өзгерістер көптеген қоғамдық мәселелерді қайта қарауды қажет етеді. Солардың ішінде өзекті мәселелердің бірі – гендер мәселесі. Қазақстанның нарықтық экономикалық қатынасқа өтуі еңбектің гендерлік бөлісіндегі қайшылықты шиеленістіре түсті.
Қазіргі таңда әлемде әйел бейнесін жаңа өркениет негіздерін қайта қарауды талап етеді. Қазақстан Еуропа мен Азияның ортасында орналасқандықтан, осы екі жақтың да ықпалына басқа Орталық Азия елдерінен гөрі қаттырақ ұшырайтыны анық. Гендерлік қатынастарға қатысты халықтың ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ халқының дәстүрлі құндылықтар жүйесін, еркек пен әйелдің қоғамдағы орны мен рөлі туралы түсініктер жүйесінің эволюциясын зерттеуі қажет. Ал енді сол мәселенің түп тамырын білу үшін жалпы гендер деген не, ол қайдан шықты және оның қазақ қоғамындағы болып жатқан үрдістерге әсері қандай екенін қарастыру қажет.
Гендер («gender» ағылшын тілінен ауд. «род», «тек» деген мағ. білд.) – бұл, биологиялық емес, әлеуметтік жағдайларға (қоғамдық еңбектің бөлінуі, спецификалық әлеуметтік функциялар, мәдени стереотиптер) тәуелді әлеуметтік жыныс, әйелдер мен еркектер арасындағы айырмашылықтар. Танымал ағылшын социологы Энтони Гидденс «Социология» атты еңбегінде: «Гендер дегеніміз – еркек пен әйел арасындағы дене бітімінің айырмасы емес, ер азаматқа тән қасиеттер мен әйелдік болмыстың әлеуметтік тұрғыдан қалыптасқан өзіндік ерекшеліктері» деп анықтама беріпті Алғашында гендерлік зерттеулер батыста жүргізілді: Америкада, Англияда, Франция және Германияда. Ресейлік және Қазақстандық психологиялық әдебиеттерде «гендер» термині өте сирек кездесетін. Бүгін жағдай өзгеріп барады: гендерлік зерттеулер адам жайлы ілімнің барлық негізгі аймақтарына кіре бастады. Біреулері «гендерлік зерттеулерді» әйелдердің мүддесі үшін әйелдердің әйелдерді зерттеуі деп түсінеді. Бірақ бұл дұрыс емес, көптеген жағдайларда әйел затының құқықтары жерге тапталып жатады, сондықтан әйел құқығына байланысты мәселелер туындап, гендерлік зерттеуледе көрініс тауып жатады. Осындай жынысқа байланысты дискриминация жағдайларын болдырмас үшін де гендерлік саясат жүргізіледі.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика