• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

«БІЗДІҢ МАҚСАТЫМЫЗ – ХАЛЫҚТЫҢ СЕНІМІНЕ ИЕ БОЛУ» (-2-)

Автор:admin

Июн 22, 2024
Spread the love

Бір сөзбен айтқанда, облыс полицейлері қылмыстың алдын алуға үлестерін қосуда.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Ішкі министрлігінің алқа мәжілісінде «Жұртқа жақын полиция» қағидатын іске асыру аясында басты он бағытты айқындап берген еді. Сол бағыттың үшіншісінде «Құқық қорғау жүйесінің басты міндеті халықтың сеніміне ие болу» деп бізге үлкен жауапкершілік жүктеді. Біз бұл сенімді өз деңгейінде ақтауымыз қажет!
Құрметті әріптестер!
Баршаңызға қылмыс пен заң бұзушылықты болдырмауды басты міндет санап, қалтқысыз қызмет етіп келе жатқандарыңыз үшін алғыс айтамын. Кәсіби мерекемізде сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға береке-бірлік, Тәуелсіз еліміздің өркендеуі мен халықтың игілігі үшін атқарып жатқан еңбектеріңізге толағай табыс пен сәттілік тілеймін! Мереке құтты болсын!
Ізгі ниетпен: Мұрат Талапұлы Қабденов,
Түркістан облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика