«Полиция күні» қарсаңында Түркістан облысының Полиция департаментінде гарнизондық жиын өтті. Саптық байқауды облыстың бас полицейі Мұрат Қабденов жүргізді.
Жиынға Полиция департаментінің басшылығы мен аппарат қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторлары мен патрульдік полицейлер, сондай-ақ Түркістан облысы бойынша Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қатысты.
Полиция генерал-майоры М. Қабденов жеке құрамның қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмысқа қарсы күрес, азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі міндеттерді орындауға дайындығын пысықтап, лайықты қызмет атқаруды тапсырды.
Сонымен қатар полицейлердің құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жол қауіпсіздігін нығайтуға, оның ішінде жүргізіліп жатқан жедел-профилактикалық іс-шараларға назар аударуын тапсырды.
Гарнизондық байқау соңында тәртіп сақшылары мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері салтанатты шерумен өтіп, қызметтік міндеттерін орындауға жіберілді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі