• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ТАҒАЙЫНДАУЛАР ЖАЛҒАСУДА

Автор:admin

Июн 19, 2024
Spread the love

Ішкі істер министрлігінің келісімімен Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының ұсынысымен Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы лауазымына полиция полковнигі Амангелді Сәпиұлы Бурханов тағайындалды.
Жаңа басшыны жеке құрамға Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Құрманбек Сахов таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
Полиция полковнигі А.Бурханов ішкі істер саласында өзіндік қолтаңбасы бар үздік маман, білікті басшы. Қызмет еткен жылдары бірқатар аудандық полиция бөлімдерін абыроймен басқарған, тәжірибесі мол қызметкер.
Жауапкершілік жүгі ауыр құрылымның жаңа бастығына сәттілік тілейміз!
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика