• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Қазақстандағы гендерлік саясат үнемі сабақтастық пен тепе-теңдік принциптеріне негізделген

Автор:admin

Окт 3, 2022
Spread the love

Қазақстан әйелдердің жұмыспен қамтылуының тұрақты деңгейін сақтап отыр және бұл жағынан көптеген елдерден, оның ішінде экономикасы жоғары дамыған елдерден кем түспейді. Елімізде әйелдердің экономикалық белсенді халыққа қатысу деңгейі 2018 жылы 64,8 пайызды құрады. ХЕҰ ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстанда әйелдерді жұмысқа тартуға тыйым салынған жұмыс орындарының тізімін жаңарту бойынша шаралар қабылданды. Бұл шара негізінен әйелдердің репродуктивті денсаулығын сақтауға бағытталған. Қазіргі уақытта технологияның дамуымен, өндіріс процестерінің автоматтандырылуымен әйелдерді жұмысқа алуға тыйым салынған кәсіптердің тізімі қысқаруда. Мәселен, 2018 жылы кәсіптер тізімі 287-ден 187-ге қысқарған екен.

Шағын және орта бизнестегі (ШОБ) әйелдердің белсенділігі соңғы жылдары айтарлықтай өсіп келеді. Тіркелген белсенді кәсіпкерлердің ішінде әйелдердің үлесі 43,2 пайызды құрайды. Қазақстандағы шағын, орта және ірі кәсіпорын басшыларының 28%-ға жуығы әйелдер қауымы екен. Әрбір төртінші (23,1%) шаруа мен фермерлік кәсіпорнды әйелдер басқарады. Бұл 2011 жылдан бері тіркелген ең жоғары көрсеткіш болып табылады.

Әйелдердің үкіметтік емес ұйымдарының желісі қарқынды дамып келеді. Бүгінгі таңда 300-ге жуық үкіметтік емес ұйым әйелдердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелерін шешуге белсенді қатысуда. Кәсіподақтар мен үкіметтік емес ұйымдардағы басшылық лауазымдардың 32,4%-ын әйелдер құрайды.

Мемлекет әйелдердің саясаттағы рөліне шешім қабылдау деңгейінде ерекше көңіл бөледі. Қазіргі шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының жалпы құрамындағы әйелдердің үлесі 18,4%-ға жетті. Парламенттің төменгі палатасындағы әйелдердің үлесі біртіндеп артып келеді: Мәжіліс депутаттарының бірінші шақырылымдағы әйелдердің үлесі 11,76%  (1996-1999 жж.) болса, жетінші шақырылымда 27,8% (2021 ж.) құраған. Айта кету керек, БҰҰ деректері бойынша әйелдердің «төменгі» палаталардағы өкілдігінің әлемдік орташа көрсеткіші 23,4%-ға жетеді.

Елдің жергілікті өкілді органдарында әйелдердің үлесі 22,2%құрайды: облыстық деңгейдегі мәслихаттарда — 15,72%, қалалық — 22,82%, аудандық — 23,70%. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметте әйелдердің тұрақты өкілдігі бар: 2013 жылы — 49 527 немесе 54,9%, 2017 жылы — 50 491 немесе 55%.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика