Бүгін «Таза Қазақстан» Республикалық акциясы аясында Созақ ауданында жалпыхалықтық сенбілік өтті. Атқарылған жұмыстар барысында аудандағы 38 шақырым көше бойлары мен 18 шақырым аяқ жолдар ретке келтірілді. Сондай-ақ, өзен-көлдер мен арықтардың 11 шақырымы тазаланып, полигондарға 87 тонна қоқыс тасымалданды.
Одан бөлек, Түркістан бағытына шығар жол бойындағы “Жасыл белдеу” аумағындағы тал көшеттері суғарылды.
Жалпы сенбілікке 2 мыңнан астам мекеме қызметкерлері, тұрғындар мен белсенді жастар қатысты. Сондай-ақ, 15 арнайы техника жұмылдырылды. Жалпы аудандағы тазалық шараларында аялдамалар, ішкі көшелер мен жол бойлары тұрмыстық қалдықтардан тазартылды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі