ҚР Президенті Қ.Ж.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, елімізде «Таза Қазақстан» экоакциясы қарқынды жүруде. Бұл акцияға кентаулықтар да белсенді қолдау көрсетіп келеді.
Бүгінгі сенбілікке қаладағы 33 мекеменің қызметкерлерінен құралған 200-ге жуық азамат қаланы қоқыстан тазарту жұмысына қатысты. Экобелсенділер өздеріне бекітілген аймақтардағы арық-атыздарды тұрмыстық қалдықтардан, жасыл жекелектің түптері мен жол жиектерін арам шөптерден, қураған бұталардан тазартты.
Жиналған қоқыстар мен кесілген ағаштар, орылған шөптерді тазартуға коммуналдық мекеменің қызметкерлері мен 5 техника жұмылдырылды. Сенбілік аясында 20 тоннадай қоқыс полигонға шығарылды. Жалпы қалада аллеяларды ретке келтіру, тал түптерін әктеу, гүлдер мен талдарды суғару, арамшөптерді ору, көшелердегі тазалық шаралары күнделікті жүзеге асырылып келеді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі