• Ср. Ноя 27th, 2024
Популярные метки

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ДЕМАЛЫСТАРЫНДА САҚТАНДЫРУ МӘРТЕБЕСІН ЖОҒАЛТПАУЛАРЫ ТИІС

Автор:admin

Июн 21, 2024
Spread the love

Азаматтар ұзақ мерзімді демалыстарында сақтандыру мәртебесін жоғалтпаулары тиіс. Бұл тұрғыда 2024 жылғы 21 сәуірден бастап қызметкерлердің ұзақ мерзімді демалысқа шығуы кезінде жарналар мен аударымдарды төлеуге қатысты түзетулер заңды күшіне енген болатын.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорының Шымкент қаласы бойынша филиалының мамандары атап өткеніндей, МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебесін сақтау үшін жұмыс берушілер бір немесе бір күнтізбелік айдан асатын ақылы еңбек демалысы кезеңіне кірісті есептеу кезінде аударымдар мен жарналарды демалыс күндерінің санына тепе-тең есептелген кезеңдер бойынша бөле отырып, бір төлеммен жүргізу қажет.
Мысалы, мұғалімнің еңбек демалысы 25.06.24 ж.бастап 18.08.24 ж. дейін (56 күнтізбелік күн) кезеңге келеді. Бұл жағдайда МӘМС-ке төлемдерді аудару маусым айында (демалыс төлемдерін төлеу кезінде) маусым, шілде, тамызға бөлінген үш жол бойынша бір төлем тапсырмасымен жүзеге асырылуға тиіс. Әр ай үшін сома тиісті демалыс күндеріне сәйкес, маусымда 7 күнге, шілдеде 31 күнге және тамызда 18 күнге есептеледі.
Медициналық көмек алу кезінде қосымша сұрақтар немесе мәселе туындаған жағдайда өз клиникасындағы Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметіне жүгіну қажет. Егер жағдайды сол жерде шешу мүмкін болмаса, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының келесі байланыс арналарының біріне өтініш қалдыра алады:
* Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
* fms.kz ресми сайты
* Telegram-дағы @SaqtandyrýBot

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика