• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Түркістан облысында агроөнеркәсіп кешені саласы бойынша 10 инвестициялық жоба жүзеге асырылды

Автор:admin

Июн 21, 2024
Spread the love

Аграрлық сала Түркістан облысының экономикалық дамуының маңызды бағыты болып саналады, сондай-ақ өңірдің инвестиция тарту мен жаңа жұмыс орындарын құруда әлеуеті зор. Агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық жобаларды іске асырудың 2024-2026 жж. Жол картасы аясында Түркістан облысында 507,3 млрд теңгені құрайтын 105 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, 8300 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

2024 жылы 114 млрд теңгенің 45 жобасын жүзеге асыру жоспарланған, 5 айдың қорытындысы бойынша 7,9 млрд теңгенің 10 жобасы іске қосылды. Бұл облыстың ауыл шаруашылығын дамытуға және өңірдегі экономикалық ахуалды жақсартуға елеулі үлес қосады.

Агроөнеркәсіптік кешенге салынған инвестициялар жекелеген кәсіпорындардың дамуына ғана емес, тұтастай алғанда бүкіл саланың дамуына ықпал етеді.

Осы жылы іске асырылған ірі инвестициялық жобалардың бірі –  жылына 25 000 басқа арналған сою пункті. Құны 1,1 млрд теңге болатын жобаны іске асыру нәтижесінде «Қарқын-2030» ЖШС Түркістан облысынан ҚХР-ға ет өнімдерін экспорттауды жоспарлап отырған агроқұрылымдардың қатарына кірді. Кәсіпорында күніне 40-60 бас ІҚМ сойылады, ағымдағы жылы 18 000 бас мал сою жоспарлануда. Шұжық өнімдерін өндіру жолға қойылды.

Аймақтың сүт саласындағы позициясын нығайту бойынша шаралар қабылдануда. Атап айтқанда, «YUG-Group-INVEST» ЖШС қуаттылығы жылына 9600 тонна өнім шығаратын сүт өңдеу кәсіпорнын іске қосты.

Биылғы жылы тапсырылған жобалардың қатарында — «Абдашим» ШҚ, «ADIA» ЖШС жылыжай кешендері, 181 га алаңда «Атамекен» ЖШС жаңбырлатып суару әдісін енгізу, 500 га алаңда «Иіржар Агро»ЖК тамшылатып суару жобалары бар. «Хамро ата» ШҚ 310 гектар алқапта мақта, жүгері өсіру үшін тамшылатып суару жобасын іске асырды. Инвестициялық жобаның құны 2,3 млрд теңгені құрады.

Облыс балық шаруашылығы мен құс шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде: «VITA» ЖШС қуаттылығы жылына 130 тонна балық өңдеу жобасын жүзеге асырды, «Мырзашөл құс» ЖШС құны 850 миллион теңгеге ет және жұмыртқа өндіретін құс фабрикасын ашты.

Осылайша, Түркістан облысының агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың арқасында өңірдің тұрақты дамуы орын алып, жаңа жұмыс орындары ашылып, экономикалық позициясы нығаюда.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика