Бұған дейін Тұран ауданының тұрғындары мемлекеттік қызметтерді алу үшін басқа аудандардың орталықтарына жүгінген болса, енді азаматтарға жаңа цифрлық ХҚКО қызмет көрсете бастады. Бұл – мегаполистегі халыққа қызмет көрсететін сегізінші орталық. Тұрғындар мұнда 1200-ден астам мемлекеттік қызмет ала алады.
Ауданның құрылуына байланысты жаңа ХҚКО ашу қажеттілігі туындаған болатын. Цифрлық кеңсе заманауи құрылғылармен жабдықталған және мемлекеттік қызметтерді тез әрі ыңғайлы алу үшін аймақтарға бөлінген: ресепшн, дайын құжаттарды беру, жылдам қызмет көрсету аймағы, өзіне өзі қызмет көрсету, eOtinish арқылы өтініш беруге арналған орын және басқа да аймақтар бар.
Жаңа мекеме бөлімдердегі жұмыс көлемін азайтып, қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Жаңа орталықта 32 маман жұмыс істейді.
Тұран аудандық ХҚКО Мәделі қожа көшесі, 1 «Г» мекенжайында орналасқан.
Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліссіз.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі