• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Гендер: жанұяның ыдырауы қоғам кеселі!

Автор:admin

Окт 2, 2022
Spread the love

Жанұяның ыдырауы баланың жетім өсуіне алып келеді. Әкесіз бала бос, жігерсіз келеді, психологикалық соққы өз алдына үлкен әңгіме, бір үйге бір еркектің кіріп-шығуы айбат, ғанибет, көзге көріне бермейтін күш-қуат энергиясы болады. Ажырасудың тағы бір себебі, жанұяда бала санының аздығы. Бұрындары тоғыз он баламен ажыраса алмайтын, қазір асып кетсе, бір-екі баламен қиналмай ажыраса беретін болды. «Ананың тілі атаның күшінде» деген. Атаның күші деген—саясат, бизнес, экономика, жігер, керек десең, көк көрпенің астындағы әрекет, ғылым, білім. Ана қанша мәрте айтқанымен атаның қабағына жетпейтіні рас. Кешке жұмыстан шаршап келгенде алдынан күлімдеп әйелі, еркелеп бала-шағасы шықпаған отбасында қандай береке болсын?! Өз жаратылысына сай емес істермен әуреленіп жүрген нәзік жанды әйелдерде бара-бара еркек мінезділік пайда болады. Ислам дінінде әйелдің еркекке ұқсауына, еркектің әйелге ұқсауына қатаң тыйым салынған. Әйеліне сыртта жұмыс істетіп, өздері масыл боп үйде бос жатқан еркектерді пайғамбарымыз өз хадисінде қатаң сөккен. Бір мемлекетте екі президент, бір көлікте екі жүргізуші болмайтыны секілді кіші мемлекет отбасында да бір ғана басшы болуға тиіс. Әйтпегенде, үйдің берекесі қашады. Әкесін құрмет тұтатын қыз бала әр адамның бетіне бажырамақ түгілі, алдын кес-кестеп өтпейді. Кезінде Төле би бабамыздың алдын кесіп өтпеген Сұлушаш атты қызды тұңғыш ұлына әпергенін тарихтан білеміз. Өкінішке орай, соңғы жылдары тәрбиенің жоқтығынан жетімдер үйінде қаракөздердің, кесапат келіндердің кесірінен қарттар үйінде қариялардың көбейгенін қалай жоққа шығарамыз? Шетелге сатылған сәбилердің нақты санын ешкім білмейді. Аштан өліп, көштен қалып жатқан кім бар? Бұның бағасы арсыздық қана. Ар-намыстан жұрдай болған елдің тірлігі. Гендер деп шапқылап жүрген көсем ханымдардың ойында шын халқына қызмет ету болса, ең болмаса қыздарды тәрбиелеудің заманауи бағдарламасын жасап Үкіметке ұсынар еді-ау. Осындай қаны тамып, зар жылап тұрған мәселені көрмей, сонымен айналысудың орнына, «гендерлік саясат» деп шапқылап жүрген ханымдардың бар ойы – билікке жету.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика