• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАРҒА ЖАРИЯ ТАЛҚЫЛАУ ӨТКІЗІЛДІ

Автор:admin

Май 29, 2024
Spread the love

Шымкент қаласының Абай ауданы әкімі аппаратында жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарының қорытындысымен анықталған тәуекелдерді және оларды жою жөніндегі ұсынымдарды жария талқылау өткізілді.
Аталған іс-шараға ішкі талдауды жүргізген жұмыс тобы және қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Аудан әкімінің аппаратының басшысы Ш.Кенес жүргізілген ішкі талдаудың бағыттарын, сипаттамасы және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижелері туралы айтып өтті. Жария талқылаудын маңыздылығына тоқталып, сыбайлас жемқорлыққа әсерін тигізетін өзекті мәселелерді шешу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға жауапкершілікпен қарау ескертілді.
Сонымен қатар, Абай ауданы әкімі аппараты полиция басқармасымен бірлесе отырып, синтетикалық есірткілердің жарнамаларын жою мақсатында рейдтік іс-шара өткізілді.
Нәтижесінде коммерциялық құрылымдардың, көпқабатты үйлердің қабырғаларына, көше бойындағы бағаналарға жазылған синтетикалық есірткі жарнамалары жойылды.
Қазақстанда есірткіні қолдану қылмыс болып саналмайды. Тек қоғамдық орындарда пайдаланғандар ғана жауапқа тартылады. Мәселен, дәмхана, мұражай, кітапхана, пойыз, әуежайлар мен кіреберістер. Ал осы талаптарды бұзған нашақорларға 80 АЕК (295 мың теңге) айыппұл салынады немесе 20 тәулікке қамауға алынады.
Мамыр айының басында Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда есірткі өндіргендерді өмір бойына бас бостандығынан айыруды мақұлдады. Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы қылмыс үшін жазаны қатаңдату туралы ұсыныс жасаған болатын. Сондай-ақ мәжілісмендер қоғамдық орындарда есірткі қолдануды қылмыссыздандыруға келіскен.
Құрметті қала тұрғындары!
Көшелеріңізде немесе аулаларыңызда синтетикалық есірткілерге қатысты жарнамалар анықталған жағдайда, орналасқан мекен жайын 102 номеріне хабарласаңыздар, аудандық полиция басқармасы жою жұмыстарын жүргізетін болады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика