• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ДЕПУТАТТАР МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК ЖОБАЛАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Автор:admin

Май 30, 2024
Spread the love

Бүгін, Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мықтыбеков Маратбек Сәменбекұлы қалалық мәслихат депутаттарына Имашев Қайрат Есенбекұлы, Елшиева Альбина Балғабайқызы, Алина Дубинина және Балтабаев Талғат Дуйсебайұлы дене шынықтыру және спорт саласында іске асырылып жатқан мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларымен таныстырды.
Қазіргі таңда, Шымкент қаласында дене шынықтыру және спорт саласында 4 мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы іске асырылуда. Олар:
«Шымкент қаласы, Қазығұрт мөлтек ауданы, Мақталы көшесінде (2/1 үй) спорт ангарының құрылысын салу және пайдалануға беру» мемлекеттік жекешелік әріптестік жобасы (2018-2032 жж.). МЖӘ нысанының сыйымдылығы аптасына 264 бала, жер участкесінің ауданы 0,17 га, құрылыс алаңы 949,7 м2, 1 қабатты ғимарат. Спорт ангарында 5 (бес) спорт түрімен шұғылданады: бокс, еркін күрес, грек-рим күресі, самбо, дзюдо.
«Шымкент қаласы, Жиделі шағынауданында спорт ангарының құрылысын салу және пайдалануға беру» мемлекеттік жекешелік әріптестік жобасы (2018-2032 жж.). МЖӘ нысанының сыйымдылығы аптасына 240 бала, жер участкесінің ауданы 0,20 га, құрылыс алаңы 6956 м2, ғимараттын ауданы 923,53 м2, 2 қабатты ғимарат. Спорт ангарында футбол спорт түрімен шұғылданады.
«Шымкент қаласында жекпе-жек «Али спорт» балалар-жасөспірімдер спорт мектебін ұйымдастыру және пайдалану» жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы (2020-2030 жж.). МЖӘ нысаны Шымкент қаласы, 18 мөлтек ауданы, 78А үй, 54 т.ж. мекен жайында орналасқан. Спорт мектепте жекпе-жек спорт түрлерінен (бокс, кикбокс, дзюдо, джуи-джитсу) 192 бала шұғылданады.
«Шымкент қаласы, Тұран ауданында балалар мен жасөспірімдер спорт мектебін ұйымдастыру және пайдалану арқылы бұқаралық балалар спортын дамыту» жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы (2023-2029 жж.). МЖӘ нысаны Шымкент қаласы, Тұран ауданы, 196 орам, №393Б және №130 ғимарат мекен жайында орналасқан. Спорт мектепте спорттың ойын және байланыс түрлерінен (баскетбол, стритбол, шағын футбол, гандбол, үстел теннисі, таеквондо, кикбоксинг және садақ ату) 192 бала шұғылданады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика