• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫ ДДҰ ӨКІЛІН ҚАБЫЛДАДЫ

Автор:admin

Июн 18, 2024
Spread the love

Бүгін Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы Нұрлыбек Асылбеков ДДҰ-ның Орталық Азия елдері бойынша Еуропалық бюросының психикалық денсаулық жөніндегі Еуропалық коалициясының консультанты, жоғары санатты психиатр дәрігер Николай Негайды қабылдады.
Кездесу барасында басқарма басшысы Дүниежүзілік психиатриялық қауымдастықтың өкілімен психиатриялық ауруларды емдеу жолдары, психологтардың біліктілігін арттыру, суицид жағдайларын алдын алу т.б мәселерді талқылады.
Суицидтің алдын алуға психологиялық қолдауды уақытымен іздеу, сондай-ақ суицидтік ойларды жеңу үшін қажет уақыт ішінде өлімге әкелетін суицид құралдарына қол жеткізуді шектеу ықпал етеді. Суицидтің алдын алу үшін бірқатар тиімді алдын алу шараларын қолдануға болады. ДДҰ-ның LIVE LIFE тұжырымдамасы бойынша тиімділігі дәлелденген төрт негізгі шара ұсынылады:
— суицид құралдарына қол жетімділікті шектеу (мысалы, улы пестицидтер мен атыс қаруы);
— суицид мәселесін жауапкершілікпен жариялауды қамтамасыз ету үшін бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс;
— жасөспірімдерде әлеуметтік және эмоционалдық өмірлік дағдыларды дамыту;
— суицидтік мінез-құлықтан зардап шегетін барлық адамдарды уақытылы анықтау, тексеру, жүргізу және кейіннен дұрыс өмір сүру үшін қолдау.
Суицидтің алдын алу жөніндегі іс-шаралардың негізгі компоненттері жағдайды талдау, ведомствоаралық ынтымақтастық, проблема туралы хабардарлықты арттыру, ұйымдастырушылық-әдістемелік қолдау көрсету, қаржыландыру, қадағалау, мониторингілеу, бағалау.
Суицидтік мінез-құлықтың қарапайым түсіндірмесі жоқ. Бұл ешқашан жалғыз факторға немесе оқиғаға байланысты емес. Адамды өз-өзіне қол жұмсауға итермелейтін факторлар өте көп және күрделі. Суицидтік мінез-құлықтың себептерін түсінуге тырысқанда физикалық және психикалық денсаулық жағдайын, өмірдегі стрестік оқиғаларды, сондай-ақ әлеуметтік және мәдени факторларды ескеру қажет.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика