• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Гендерлік саясат және гендерлік тәрбиенің мазмұны мен мәні

Автор:admin

Окт 2, 2022
Spread the love

Біздің халқымыз ер — азаматты шаңырақ иесі десе, әйел — ананы отбасының алтын қазығы деп бағалаған. «Халық айтса қалт айтпайды» дегендей, ерлі — зайыпты адамдарға арнап айтылған осы бір тамаша теңеу ғасырдың тереңінен толғанып, өмірдің бай тәжірибесінен шыққан болса керек. Бұрын «әйел теңдігі» ұғымы — мәселе болса, бүгінгі күні ол «гендерлік теңдік» деген үлкен саясатқа ұласып, мемлекет басшысының қолдауымен осы гендерлік теңдік аясында «Тұрмыстық зорлық — зомбылықтың профилактикасы туралы» Заң қабылданды. Бұған қоса Қазақстан Республикасы Президенті жанындығы Отбасы істері және демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия жұмыс істейді. Жоғарыда айтылғандай, біздің елімізде әйелдер теңдігін қамтамасыз етуге ықпал ететін 2009 жылы екі заң қабылданды. Оның бірі -«Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 8 желтоқсанындағы №223 — ІҮ Заңы болса, екіншісі -«Тұрмыстық зорлық — зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсанындағы №214 — ІҮ Заңы.
Жалпы, гендер — ерлер мен әйелдер арасындағы қатынастардың өмірдің барлық салаларында көрініс табатын әлеуметтік қыры деген ұғымды білдіреді.
Мемлекет басшысы бекіткен гендерлік теңдік стратегиясы негізінен ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізу мақсатындағы билік пен қоғамның өзара тиімді әрекет етуіне бағытталып шығарылған заң. Қазіргі кезеңде азаматтық қоғам ұлттық гендерлік саясатты жүзеге асыруға және өмірдің барлық саласында гендерлік теңдікке қол жеткізу тетігін жасауға белсенді түрде, кең көлемде жұмыстар жүріп жатыр. Біздің елемізде бұл мақсаттағы жұмыс көңілге қуаныш ұялатады. Бұл саясатқа Елбасының өзі тереңірек мән беруде. Президент Н. Назарбаевтың өзінің халыққа арнаған Жолдауында «Қоғамның өркениеттік деңгейі оның әйелдерге деген қарым — қатынасымен өлшенеді…» деп тұжырымдауында үлкен мән жатыр. «Отбасы — тұрмыстық зорлық — зомбылықтың профилактикасы туралы» Заң тек әйелдерге ғана емес, отбасының басқа да мүшелерінің тең құқықтарын сақтап, тұрмыстағы, қысымды болдырмауға ықпал етеді. Айта кету керек, әйелдер қай салада қызымет етпесін, өз беделдерімен қатар, сол сала жауапкершілігін де арттырып, жұртшылық құрметіне бөленуде. Әрбір жұмыстың қиыншылығ мен қызықшылығы, жетістігі мен жемісі болады. Жақсы іс әріден бастау алады. 1998 жылғы қараша айындағы Жарлығымен осы отбасы және әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссия дүниеге келді. Әйелдерді саясатқа, үкіметтік билік органдарына, экономикаға, бизнеске қатыстыру, ана мен бала денсаулығын қорғау, сонымен қатар отбасындағы зорлық — зомбылыққа қарсы тұру. Әйелдер қолы тимеген сала жоқ десек артық айтқандық емес. Мемлекет қайраткері, батыр, ел басқарушысы болған көрнекті әйел тұлғалардың есімдері белгілі. Қазір қоғам болып ұстаз қауымының мәртебесін көтеруге күш салуда. Білім заңына да «ұстаз мәртебесі» деген арнайы бап енгізілді. Ұстаз адамның адам болып қалыптасуына ықпал жасайтын бірден бір маман. Осы орайда ұстаз еңбегінің бағалануы өте дұрыс. Бұл мен үшін зор құрмет. Қазір көп ата — ана «баланы киіндіріп, ішкізіп, ата — аналық міндетімді орындадым» деп ойлайды. Ал өсіп келе жатқан өскелең ұрпақ үшін ең басты, керек нәрсе ата — аналық жылылық екенін түсінбейді. Ата — ананың бала алдындағы басты парызы, киіндіріп, ішкізуден де бұрын — дұрыс тәрбие беруі. Ұрпақ тәрбиесінің жақсы болуы — елдің жарқын болашағының кепілі.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика