Балаларды қорғау күніне орай «Оқушылар сарайында» «Жаз қызығы — көңілді демалыс» атты танымдық-сауықтық бағдарлама ұйымдастырылды.
Іс-шараға Шымкент қаласы білім басқармасы Қосымша білім беру оқу салалық орталығының өкілдері қатысты.
Оқушылардың жан-жақты, тұлғалық дамуына, шығармашыл болып өсуіне — «Оқушылар сарайы» үлкен мүмкіндік сыйлайды.
Танымдық белсенділікті психологиялық — педагогикалық құбылыс ретінде анықтау, бұл мектепалды даярлық кезеңіндегі балалардың тұлғалық сапасының ерекшелігіне талдау жасауға, тәрбиелеу мен оқыту үрдісін қалыптастыру жағдайлары мен құралдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Себебі меңгерілген білімнің сапасы мен беріктігіне тек балаларды оқыту, дамыту және тәрбиелеудің нәтижесі емес, сонымен қатар балалардың өзіндік танымдық іс -әрекетіне қатынасының қатысуымен тәуелді болып келеді.
Танымдық белсенділік баланың психологиялық- денелік дамуының алғы шарты мен нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты балалардың жоғары психикалық үрдісін қабылдау, зейін, ойлау ерекшеліктері анықтайды.
5000 мыңға жуық баланы қосымша білім берумен және түрлі үйірмелермен қамтамасыз ететін орталық жаз айларында да өз жұмысын тоқтатпайды. 40 үйірме, «Балдәурен» жазғы лагері балаларға жаз айларында қызмет көрсетеді. Бұл туралы «Оқушылар сарайы» директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Феруза Жұмабекова айтты.
— Сабақтан тыс 122 үйірмелер жыл бойына жұмыс жасайды. 4990 бала қосымша білім алған. Ал жазғы демалыста оқушылар 40 үйірмеге қатыса алады. 2000 -ға жуық оқушыны қосымша біліммен қамтимыз. Бүгінгі шарада өнер көрсеткен қатысушылардың барлығы — оқушылар. Ата-аналардың алғысын алып, қолдауын көріп жиынды жоғары деңгейде өткізудеміз, — деді Феруза Тұрәлиқызы.