1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай, Шымкент қаласының Білім басқармасы және қалалық әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен №28 «Гауһар» мемлекеттік арнайы (түзету) балабақшасы базасында «Біз әлемді балаларға сыйлаймыз!» атты іс-шара ұйымдастырылды.
Мақсаты: Балалардың бірлескен іс-әрекет дағдыларын, қоғамдастық сезімін, өз көңіл-күйлерін білдіру дағдыларын дамыту.
Бүлдіршіндер “Біз спортты сүйеміз» спорттық эстафетасы, «Жас зерттеушілер» тәжірибе жасау, «Әлем балалар көзімен», «Дәстүрлі емес әдіспен сурет салу», «Біз аспаздармыз», Дәстүрден тыс әдіс-тәсілмен қол моторикасын дамыту, «Көңілді бояулар» гипске сурет салу, «Ұлттық құндылықтар» асық ойындары, кілем тоқу және киіз басу т.б эстафеталарға қатысты.
Балаларды қорғау күні – бұл тек балалар үшін ғана емес, сонымен бірге ересектер үшін де маңызды күн. Бұл күн бізге балалардың қоғамдағы орны және олардың әлеуметтік, эмоционалдық, физикалық және интеллектуалды дамуы үшін жасалатын күш-жігерлер туралы ойлануға мүмкіндік береді. Бұл күн – әрбір баланың өмір сүруіне жағымды әсер ететін орта құрудың маңыздылығын еске салады.
Бүгінгі таңда балалардың құқықтарын қорғау – бүкіл әлем бойынша өзекті мәселе. Бұл күні біз, ересектер, балаларымыздың жарқын болашағы үшін жауапты екенімізді мойындаймыз және олардың әрқайсысының дамуына ықпал ету үшін өз үлестерімізді қосамыз. Бұл күн бізге балаларға деген махаббатымызды және оларға деген құрметімізді білдіру үшін тағы бір мүмкіндік береді.
Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет — болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру.
Іс-шара соңында қалалық әйелдер кеңесінің төрағасы Баян Жандосова балаларды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, алғыс хатпен марапаттады. Мерекеге орай балаларға сыйлықтар табыс етілді.