• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ҚАЛА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ЖАҢА ГҮЛЗАР АШЫЛДЫ

Автор:admin

Июн 18, 2024
Spread the love

Жібек жолы — Сайрам көшелері қиылысында тағы бір жаңа гүлзар ашылып, пайдалануға берілді. 10 000 шаршы метр аумақта тұрғындардың демалысы үшін барлық қолайлы жағдай жасалған. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа гүлзардың ашылуына қатысып, тұрғындармен кездесті.
Жоба бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асырылды. Демеушілер мен мердігер компания өкілдеріне атқарылған жұмыстар үшін алғысымды білдіремін. Мақсатымыз – қаланы халыққа өмір сүруге барынша қолайлы ету. Біз саябақтар мен алаңдарды абаттандыру мен көгалдандыруды бірегей стильде жасауға тырысамыз. Халық көп шоғырланатын орындарды көгалдандыруды жалғастырамыз, – деді қала әкімі.
Осыған дейін сауда нысандары заңсыз орнатылған аумақ халықтың серуен алаңына айналды. Мұнда шағын архитектуралық пішіндер, табиғи тастан жасалған орындықтар, жарықтандыру шамдары орнатылып, көгал төселіп, 200-ден астам ағаш отырғызылды. Жалпы, жасыл аумақ шамамен 7500 шаршы метрді құрайды. Балаларға арналған екі ойын алаңы бар.
Жаңа нысан – BI group компаниясының қалаға сый ретінде тартуы. Жұмысшылар құрылысты 1,5 ай ішінде, қала күніне орай аяқтады.
Аллея BIG TULIP атауын иеленген. Tulip түркі тілінде қызғалдақ деген мағынаны береді. Аллеяға кіреберістегі 5 қызғалдақ түнде жарқырап, қаланың көркін артырады. Компания өкілі Қайрат Қуанышбаевтың айтуынша, қыркүйек айында тағы бір жоба тапсырылмақ. Жібек жолы даңғылының бойында демеушілер қолдауымен құрылған гүлзардың жалпы аумағы шамамен сегіз мың шаршы метрден астам. Қоғамдық кеңістік алаңында заманауи жарықтандыру шамдары мен тербелмелі орындықтар, басқада ерекше дизайндағы шағын сәулеттік нысандар орнатылған. Гүлзардың аумағы көгалдандырылып, декоративті ағаштар отырғызылған, гүлдендіру алаңдары да бар.
Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер серуен құратын жолдары салынған. Қалада құрылған қоғамдық кеңістіктер қала тұрғындары мен қонақтарына қолайлы орта болумен қатар, микроклиматты қалыптастыруда зор маңызға ие. Қалада бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып, жасыл аймақтар көлемі ұлғаятын болады.
Осыған дейін Қошқар ата өзенінің бойы абаттандырылып, демалушыларға жағдай жасалған еді. Сонымен қатар, Түркістан, Желтоқсан көшелерінің бойында құрылған гүлзар бұл күнде тұрғындардың сүйікті орнына айналып үлгерген.
Шахар тұрғындары мен қонақтарын «Қала күнімен» құттықтаймыз!

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика