• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕМЕНШІК ӘРІПТЕСТІК ЖОБАЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫНА ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Автор:admin

Май 29, 2024
Spread the love

Кеше Шымкент қаласы мәслихатының бірлескен тұрақты комиссия отырысында мемлекеттік – жекешелік әріптестік жобаларының орындалу барысы туралы жауапты мекемелердің есебін тыңдалды. Осы орайда депутаттар арасынан жобалардың орындалуын қадағалау және баға беру мақсатында жеті жұмысшы топ құрылды. Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Жанар Бектаева, мәслихат депутаттары Төреайым Жолдыбаева, Айжан Наимбекова, Бөкейхан Абишев, Нұрсұлтан Балабиев әр нысанға барып, мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Алдымен «Қалалық онкологиялық орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын базасында ПЭТ орталығы мен сәулелік терапия орталығының қызметтерімен танысты. Әрмен қарай Шымкент қалалық жедел медициналық жәрдем станциясын жаңғырту және пайдалануға беру туралы Гүлнар Мамытқызымен талқылады. Сондай-ақ, Бейбітшілік даңғылы 2Б мекен-жайы бойынша амбулаториялық-емханалық көмек көрсету үшін қалалық емхана құру және пайдалануға беру бойынша Медикер медициналық орталығына барып, жұмыс барысын бақылады.
Айта кететін, МӘМС шеңберінде жүргізілген медициналық профилактикалық тексерулер 1160 әйелде сүт безі мен жатыр мойны обыры және 44 адамнан тоқ ішектің қатерлі ісік ауруын ерте анықтауға мүмкіндік берген. Дәрігерлердің айтуынша, ауруды ерте сатысында анықтаудың арқасында науқастар дер кезінде ем қабылдауға кіріскен. Скринингттік тексерулердің көмегімен қауіпті ауруларды ерте сатысында анықтап, асқынулардың алдын-алуға болады. Медициналық профилактикалық тексерулер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде тегін жүргізіледі. Жыл басынан бері аталмыш тексеру аясында 3276 адамда қан айналымы жүйесінің аурулары, 500-ден астам шымкенттікте қант диабеті мен глаукома дерті белгілі болған. Жалпы, скрининг мінез-құлықтық тәуекел факторлары; артериялық гипертония; жүректің ишемиялық ауруы мен қант диабеті; глаукома; жатыр мойны обыры; сүт безінің қатерлі ісігі мен колоректалды обыр; В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға мүмкіндік береді. Тексерулер жаңа туылған нәрестеден бастап 18 жасқа дейінгі балалар; 30 бен 70 жас аралығындағы ересектер мен тәуекел топтары арасында жүргізіледі. Өз денсаулығыңызға бей-жай қарамаңыз. Халықтың денсаулығын жақсарту мақсатында МӘМС жүйесінде скринингтік тексеруге ерекше мән берілген.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика