• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР — ЕЛІМІЗДІҢ НЫШАНЫ

Автор:admin

Июн 4, 2024
Spread the love

Бүгін «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық құндылық» тақырыбында «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Miras»аймақтық кеңесінің отырысы өтті.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. Мемлекеттік рәміздер – ұлттық құндылық;
2. «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының идеологиялық жұмыстары туралы.
Отырысқа «Miras» аймақтық кеңесі төрағасының орынбасары Т.Балтабаев, қалалық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Қ.Имашев, мәслихат депутаты, «Жастарды қолдау» аймақтық кеңесінің төрағасы Н.Балабиев, саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Е.Байқонысов, қоғамдық кеңес мүшелері, «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері, партия филиалының жауапты қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.
«Бүгін – Мемлекеттік рәміздер күні. Тәуелсіздігімізді айшықтайтын ұлттық символдарымызға биыл 32 жыл толып отыр. Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтудің басты негізі – Отанға деген сүйіспеншілікті, ұлтқа деген патриотизмді қалыптастыру, ел идеяларын кеңінен дәріптеу және дамыту. Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұранға деген терең құрмет сезімін қалыптастыру. Партия филиалы тарапынан мемлекеттік рәміздерді насихаттауға бағытталған әртүрлі форматтағы іс-шаралар өткізілу тиіс», — деді Т. Балтабаев.
Жиын барысында көптеген ұсыныстар айтылып, жастар іс-шара жоспарларын ортаға салды.
— Жас ұрпақ елдің қуатты қозғаушы күші екенін ескерсек, мемлекеттік рәміздерді жастар ортасында танымал етуге ерекше назар аудару керек. Мысалы, жастар арасында жаппай көшеде, спорт және мәдени, мекемелер мен оқу орындарында сондай-ақ әлеуметтік желілерде әртүрлі флешмобтар ұйымдастыру қажет, — деді Н.Балабиев.
Мемлекеттік рәміздер – ел дамуының ажырамас бөлігі. Сондықтан қазақстандықтардың осы рәміздерге деген құрметі, оларды бойтұмардай қас­­­терлеуі ерекше сезіліп тұруға тиіс. Рәміздер арқылы елімізді бүкіл әлем таниды. Өйткені онда қазақ халқының бастан өткізген тарихы, мәдениеті мен дәстүрі көрініс береді. Ендеше Туымыз тұғыранан түспей, Елтаңбамыз елдігімізді танытып, Әнұранымыз шалық­­тай берсін деген тілек айтамыз.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика