Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиал жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ғани Ташқараев тұрғындардың өтініштерін оңтайлы шешу мақсатында қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауға келген азаматтар жұмыс мәселесі, әлеуметтік көмек, ауыз су, жол, медицина, тұрғын үй, әлеуметтік сала бойынша қойған сауалдары мен ұсыныстарына заң аясында кеңесін беріп, көтерген мәселелері бойынша қанағаттанарлық жауап берді.
Айта кететін, отбасының немесе жеке адамның әлеуметтік жағдайына байланысты көмек екі түрге бөлінеді: шартсыз және шартты.
Шартсыз ақшалай көмек — жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі табысы аз адамдарға (отбасыларға) ай сайынғы ақшалай төлемдер нысанында көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі.
Шартты ақшалай көмек – өз құрамында еңбекке қабілетті мүшесі бар жалғызілікті және жалғыз тұратын аз қамтылған еңбекке қабілетті адамдарға, сондай-ақ аз қамтылған отбасыларға, оның ішінде бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға ай сайынғы ақшалай төлемдер нысанында көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу және қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысу.
Еске саларлық, қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жергілікті тұрғындармен бірге «Сайрам» тұрғын алабында құрылысы аяқталған ауыз су жүйесін іске қосу шарасына қатысқан болатын.
Бұған дейін елдімекеннің 19 мыңға жуық тұрғыны жазда ауыз су тапшылығын көріп келген болатын. Мегаполис басшысының тапсырмасы бойынша халыққа сапалы қызмет көрсетуді жеделдету мақсатында нысан жазғы кезең басталмай тұрып пайдалануға берілді. Айта кетейік, бұған дейін абоненттер ауыз суды жекеменшік компаниядан кесте бойынша тұтынып келген. Ал, бүгіннен бастап тұрғын алап халқы ауыз суға қосылуға өтінім бере алады. Алдағы уақытта “Құрсай” шағын ауданының тұрғындарын да толық тіршілік нәрімен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Азаматтардың өтініш-тілегін мұқият тыңдаған Ғани Әбдіғаниұлы тұрғындар көтерген мәселелер тиісті салалық басқармаларымен бірлесе қарастырылатынын айтып, партия бақылауына алынатынын жеткізді.