• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІН ТЫҢДАДЫ

Автор:admin

Июн 6, 2024
Spread the love

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының бекіткен кестесіне сәйкес қалалық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Төреаим Сұлтанова тұрғындарға жеке қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауға келген азаматша М.Ахмешева тұратын көпқабатты үйінің жөндеу жұмыстарына мемлекеттен қандай көмек көрсететіні жайлы кеңес сұрады. Ал, Г.Далиева мүмкіндігі шектеулі бала асыраушы ана жарты күндік жұмысқа орналастыру бойынша мәселесін ортаға салды. А.Әбдіраманова денсаулық саласына қатысты мәселесін көтерді.
Биыл 239,0 мың шаршы метрді құрайтын 2 950 пәтерлі 73 көпқабатты үйдің құрылысын жүргізу жоспарлануда. Жыл соңына дейін Тұран шағынауданында 2 үй, Бозарық елдімекенінде 38 үй, Ақжайық шағынауданында 33 үй салынады. Тұрандағы үйлер мен Бозарықтағы 2 үйдегі арендалық пәтерлер ретінде, ал Бозарықтағы 36 үй мен Ақжайықтағы 33 үй кредиттік пәтерлер ретінде бірқатар санаттар бойынша кезекте тұрған азаматтарға беріледі. Биылғы жылы 73 тұрғын үйден 207,6 мың шаршы метрді құрайтын 66 тұрғын үй құрылысы аяқталып, 2 670 пәтер баспанаға мұқтаж тұрғындарға табысталады. Ал, 31,3 мың шаршы метр құрайтын 260 пәтерлі Ақжайық шағынауданындағы 7 тұрғын үйдің құрылысы 2025 жылға өтпелі. Сонымен қатар жастарға және халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған 1264 пәтер сатып алуға бюджеттен 22,7 млрд. теңге қарастырылған. Оның ішінде жұмыс істейтін жастарға 900 пәтерді және халықтың әлеуметтік осал топтарына 364 пәтерді нарықтан сатып алу жоспарланып отыр.
Айта кететін, Шымкентте жыл басынан бері скринингтің көмегімен 1000-нан астам адамның қатерлі ісік ауруы анықталды. МӘМС шеңберінде жүргізілген медициналық профилактикалық тексерулер 1160 әйелде сүт безі мен жатыр мойны обыры және 44 адамнан тоқ ішектің қатерлі ісік ауруын ерте анықтауға мүмкіндік берген. Дәрігерлердің айтуынша, ауруды ерте сатысында анықтаудың арқасында науқастар дер кезінде ем қабылдауға кіріскен. Скринингттік тексерулердің көмегімен қауіпті ауруларды ерте сатысында анықтап, асқынулардың алдын-алуға болады. Медициналық профилактикалық тексерулер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде тегін жүргізіледі. Жыл басынан бері аталмыш тексеру аясында 3276 адамда қан айналымы жүйесінің аурулары, 500-ден астам шымкенттікте қант диабеті мен глаукома дерті белгілі болған. Жалпы, скрининг мінез-құлықтық тәуекел факторлары; артериялық гипертония; жүректің ишемиялық ауруы мен қант диабеті; глаукома; жатыр мойны обыры; сүт безінің қатерлі ісігі мен колоректалды обыр; В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға мүмкіндік береді.
Тұрғындарға фракция мүшесі заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, бір реттік көмек көрсетті. Және де алдағы уақытта тиісті мекемеге депутаттық сауал жолдайтындығын жеткізді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика