• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Оқу жылының соңында студенттерге есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары туралы ескертілді

Автор:admin

Май 27, 2024
Spread the love

​Оқу жылының аяқталуына орай, «Халықаралық балаларды қорғау күні» және «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында шымкенттік полицейлер тағы да студенттермен кездесіп, оларға есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары және нашақорлықтан аулақ болудың маңыздылығы туралы ескертті.
Полицейлермен бірге аталған іс-шараға «Психикалық денсаулық орталығының» нарколог-дәрігері, «Жастар ресурстық орталығының» маманы қатысты.
Бұл жолы олар «Шымкент медресе колледжіне» барып, нашақорлықтың, психикалық белсенді заттарды қолданудың алдын алу мақсатында студенттермен арнайы кездесу өткізді.
​Шымкент қаласының полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция майоры Бауыржан Карбеков жастарға есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары, жаңа психоавтивті заттардың таралуы жөнінде толыққанды мәліметтер беріп, одан аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын атап көрсетті.
Мамандардың айтуынша, есірткінің уа­қыт озған сайын жаңа түрі пайда бо­лып жатқан көрінеді. Тіпті, дүние­жү­зінде мыңнан астам есірткі түрі ресми тір­келген екен. Қазақстанда шамамен со­ның 700-ге жуық түрі немесе ана­лог­тары бар. Бүгінде бақылаудағы пси­хи­калық белсенді заттардың тізіміне 89 син­тетикалық есірткі түрі енгізіліп отыр. Бұл кеселдің адам психоло­гия­сы­на санаулы секундта өте қатты әсер ете­­­тінін неврология ғылымы баяғыда-ақ дәлелдеп берген. Полиция есірткінің бұл түрімен күресудің қиындығын ай­тып отыр. Ал сарапшылар әлем бойын­ша аптасына синтетикалық есірткінің 10 жаңа түрі шығарылатынын алға тар­­­туда.
Біздің елде 2015 жылдан бастап «син­тетикалық есірткінің» жаппай таралуы байқалған көрінеді. 2019 жылы Қазақстанда шамамен 11 келі синтетика тәркіленсе, 2020 жылы 100 келі болған. 2021 жылы 160 келі есірткі тәркіленсе, өт­кен 2023 жылы құқық қорғау орган­дары 168 келі 494 грамм мефедрон мен альфа-PvP тәркілеген. ІІМ деректеріне сәйкес, бүгінде Қазақстанда ең көп та­рал­ған есірткі түрі – «синтетика» екен.
Алғашында Қазақстанға темекі қос­па­лары бар «спайс» деген түрі келген. Уа­қыт өте түтіні жоқ темекі деген түр – «снюс» құпия саудаланған. Кейіннен есірткі әлемін «кристалл», «жылдам­дық», «ваннаға арналған тұз» деген түр­лі атау жамылған синтетикалық зат­тар тез жаулап алды. Ең сорақысы, бұл дерттің тырнағына ең бірінші болып жа­ны жаңалыққа құмар жастар ілігіп жатыр.
Сонымен қатар, интернет-дүкендердің әкімшісі болу және есірткі жасыруға қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленгені туралы ескертті.
Іс-шара соңында студенттер көкейлеріндегі жүрген сұрақтарын қойып, кеңінен жауап алып, өзара еркін пікір алмасты.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика