• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРМЕЛІК ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Автор:admin

Май 29, 2024
Spread the love

Оқу жылының соңында, «Халықаралық балаларды қорғау күні» және «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында шымкенттік полицейлер студенттік жастармен жұмыс жүргізіп, оларды есірткіге қарсы қою бойынша шаралар қабылдауда.
Осы мақсаттағы кезекті іс-шара «Энергетика және байланыс колледжінде» жалғасты.
Оған қатысқан Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция майоры Бауыржан Карбеков жастар арасында есірткі қолданудың және нашақорлықтың алдын алу бойынша арнайы ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстар жүргізді.
Сонымен қатар, есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары, жаңа психоавтивті заттардың таралуы жөнінде толыққанды мәліметтер беріп, одан аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын атап көрсетті.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және барлық аудандық полиция бөліністеріндегі ювеналдық полиция тобының инспекторларымен бірге күнделікті облыс жастары, мектеп оқушылары және студенттер арасында есірткі қылмыстарының алдын алу мен нашақорлықты болдырмау бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп келеді.
Нашақорлыққа қарсы тұру, алдын-алу нашақорлыққа әдеттенгендерді емдеп-сауықтыру, зиян-зардаптарымен күресу үшін ата-аналардың сауаты болуы тиіс. Сондықтан ата-аналарға баланы есірткіден қалай қорғау керек, бала бойындағы қандай өзгерістерге назар аудару керек, мінез-құлық, психологиялық бұзылыстарды дер кезінде байқау, есірткі қолданатындар ортасына түсіп қалмау үшін, өзі қорғай алуы үшін не істеу керек сынды тақырыптарда семинар жұмысын жүргізу де барлық өңірде жүзеге асып жатыр.
«Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Президент «Синтетикалық есірткі тұтынатындардың көбеюі ұлт саулығына зор қауіп төндіруде. Қазіргі ахуал өте күрделі, соңғы үш жылда тәркіленген «синтетиканың» көлемі 10 есе артқан. Уақыт өткен сайын мұндай есірткі арзан әрі қолжетімді бола бастады. Нашақорлар оны әлеуметтік желі мен түрлі мессенджер арқылы емін-еркін сатып алып жатыр. Есірткіні, тіпті, үйге әкеп беретіндер бар. Бұл – аса қауіпті әрі ауқымды әлеуметтік кесел.
Синтетикалық есірткіні өндіру-ге және таратуға қарсы күрес жалпыұлттық деңгейде жүргізілуге тиіс. Сондықтан, Нашақорлықпен және есірткі саудасымен күресудің кешенді жоспарын әзірлеу қажет» деп нашақорлықпен күрестің маңызы мен масштабын айқындаған болатын.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың нашақорлыққа баса тоқталып, есірткі заттардың жас ұрпақ арасында көптеп таралуы ұлт болашағына зор қауіп екенін айтып, бұған қарсы қимылдар ұйымдастыруды талап етуі – Есірткісіз қоғам құруға жасалған маңызды бастама.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика