Қалалық полиция департаментіне жергілікті тұрғыннан алғыс хат келіп түсті. Азамат полиция қызметкеріне жедел жұмысы үшін алғысын білдірген.
Хатта көрсетілгендей, ол Тұран ауданының полиция басқармасына алаяқтық жайты туралы арызданған. Аталған хабарлама бойынша анықтаушы Мыңайдар Альжанов тиісті шараларды қабылдап, жәбірленушінің шығыны толық өтелді.
“Тұран ауданы полиция басқармасы анықтау бөлімінің анықтаушысы М.Альжанов менің арызым бойынша қозғалған қылмыстық істі өте тиянақты тергеп-тексеріп сотқа жолдады. Тергеу барысында маған келтірілген материалдық шығындар толығымен қайтарылды. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін”, — деп ризашылығын білдірді тұрғын.
Тәртіп сақшысы, өз кезегінде, азаматтардың алғысы полицей үшін ең жоғарғы марапат екенін атап өтті.
Айта кететін, Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев: «Ең өзекті міндеттердің бірі – құқық қорғау жүйесін толыққанды реформалау болып отыр. Мемлекеттік күштік құралы ретіндегі полиция бейнесі біртіндеп өткеннің еншісіне кетіп, ол азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қызмет көрсететін органға айналады. Полиция қашанда халыққа үлгі-өнеге болуы керек. Сонда ғана жұрт полицияға сенеді, оны қорған көреді»,- деген болатын.
Қасым-Жомарт Тоқаев полицияның қоғамдағы орны мен рөлін тілге тиек етіп: «Қылмыспен күресу және қоғамдық тәртіпті сақтау – аса маңызды міндет. Бұл – жауапкершілігі өте үлкен жұмыс. Еліміздің әрбір азаматы өзін қауіпсіз сезінуге тиіс. Ол үшін құқық қорғау жүйесі үйлесімді әрі тиімді жұмыс істеуі қажет. Ең алдымен, мемлекетте заң талаптары мүлтіксіз орындалуы тиіс. Заң бұзған кез келген адам жазасын алу керек», – деген болатын.
Полицей мамандығы өте қиын әрі қауіпті болып саналады. Қызметтік борышы бойынша адамдардың қауіпсіздігі, қоғамдық тыныштық пен тәртіп полицей өмірінде басымдыққа ие. Ең бастысы – кез келген қызметкері өз әріптесіне көмекке келуге, қиын сәтте қолдау көрсетуге дайын.