• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

Шымкентте патрульдік полицейлер көшеде талып қалған балаға көмектесті

Автор:admin

Июн 14, 2024
Spread the love

Аманат Галиден мен Бексұлтан Оңалбаев көшеде талмаға ұшыраған 2 жасар бүлдіршінге дер кезінде көмек көрсетті.
Қала көшелеріндегі тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген патрульдік полиция полкінің қызметкерлері аялдамаларының бірінде құлап, есінен танып жатқан баланы байқаған. Жанындағы анасы қорыққаннан не істерін білмеген. Полицейлер жедел әрекет етіп, баланы бір жағымен жатқызып, алғышқы көмек көрсетті. Аз уақыттан соң ол есін жиып, өзіне келді. Кейін полицейлер баланы қызметтік көлікпен, кептеліссіз, бірнеше минут ішінде ауруханаға жеткізіп, дәрігерлерге тапсырды.
Осылайша, құқық қорғаушылар жедел және үйлесімді әрекеттің арқасында тағы бір өмірді сақтап қалды.
“Жақсысы, біз дәл сол сәтте жақын маңда болдық. Қажет кезде көмекке келу – біздің міндетіміз” — дейді офицерлер.
Айта кететін, балалардың кешенді қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ата-аналар мен мектепке дейінгі ұйымдардың негізгі міндеті.
Күнделікті өмірде балаларды қауіпсіздік дағдыларына үйрету қажет:
— баламен әңгімелесіңіз, өмірді сақтауға көмектесетін ережелерді түсіндіріңіз;
— балаларға тұрмыста, көшеде және жолда өзі-өзі дұрыс ұстауға үйретуде үлгі көрсетіңіз;
— мектепке дейінгі ұйыммен байланыста болыңыз: топ тәрбиешілерінің, әдіскердің, мектепке дейінгі ұйым басшысының байланыс телефондарын жазып алыңыз;
— баланың күні бойы қай жерде жүргенін білу қажет: бала тәулігіне 24 сағат ата-аналардың бақылауында, қамқорлығы мен назарында болуы тиіс;
— балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз, балалардың уақыты немен өтетінін бақылаңыз;
— балаға бейтаныс адамдармен сөйлесуге рұқсат бермеңіз;
— өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаңыз, тұрмыстық құралдардың, оның ішінде электр жылытқыштардың, басқа да электр жабдықтарының, пештің дұрыс жұмыс істеуін және пайдаланылуын қадағалаңыз;
— көлік жүретін жолға назар аудара отырып, мектепке дейінгі ұйымға дейінгі ең қауіпсіз маршрутты таңдаңыз;
— балаларды жолда жүру ережелеріне үйретіңіз, оларды жолда және қоғамдық көлікте мұқият болуға үйретіңіз;
— қылмыстық жағдайға жол бермеу үшін балаға бағалы заттарды (ұялы телефон, қомақты ақша, зергерлік бұйымдар және т. б.) және мектепке дейінгі ұйымға тамақ апаруға рұқсат бермеңіз;
— балалардың қалталарын, иық сөмкелерін тексеріңіз, балалардың киімінде түйреуіштер болмауы тиіс;
— балалармен ойын немесе спорт алаңдарында болғанда, қауіпсіздік талаптарын сақтаңыз;
— мектепке дейінгі ересек жастағы балалар үйдің мекенжайын, телефонын, ата-анасының аты-жөнін білуі тиіс;
— төтенше жағдайларда 101 – өртке қарсы қызмет, 102 – полиция, 103 – жедел көмек, 104 – газ қызметі телефондарына хабарласыңыз.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика