• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ “SUPER BOL” РЕАЛИТИ ШОУЫНЫҢ ФИНАЛЫ ӨТТІ

Автор:admin

Июн 16, 2024
Spread the love

“Super bol” қазақстандық əлеуметтік жобасының финалдық матчы қаламыздағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда өтті.
Биыл жоба ауқымдылығына байланысты шетелдік аудиторияның елімізге деген қызығушылығы артты. Бұл матчқа еуропалық, азиялық жəне қазақстандық клубтардың скауттары, сондай-ақ Челси мен Франция құрамасында ойнаған əлемдік футболдың супер жұлдызы Флоран Малуда, сондай-ақ ПСЖ мен Сенегал құрамасының бұрынғы ойыншысы Халилу Фадига арнайы келді.
Жалпы бірегей жəне ауқымды жобаның ең басты мақсаты жастардың спорт пен бəсекелестікке деген қызығушылығын арттыру. Жоба өзінің ауқымдылығы мен бірегейлігінің арқасында отандық жəне шетелдік аудиторияның елімізге əрі футболға деген қызығушылығын жоғарылатты. Қазақстандық футболды сапалы жаңа деңгейге шығару процесін бастауға көмектесетін дəл импульске айналып жатыр.
Шараға қала әкімі Ғ.Сыздықбеков қатысып, матчқа арнайы келген әлем футболының жұлдыздары Флоран Малуда мен Халилу Фадигаға арнайы сыйлықтар табыстады.
Сонымен қатар қала басшысы мегаполисіміздің дамуы мен гүлденуіне елеулі үлес қосқан азаматтарға «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағын табыс етті. Олардың қатарында белгілі режиссер, «Ника» сыйлығының және Канн кинофестивалінің лауреаты Сергей Владимирович Дворцевой және КСРО спорт шебері, қазақ футболының аңызы Евстафий Алкивиадович Пехлеваниди бар. Танымал екі тұлға да Шымкент қаласында дүниеге келген.
Айта кетейік, бүгінгі матч қорытындысы бойынша 3:1 есебімен Масудов командасы жеңіске жетті.
Еске саларлық, Шымкент қаласында бүгінде 33 спорттық ұйым жұмыс істеп жатыр. Аталған мекемелерде спорттың 74 түрі қамтылған.
Атап айтқанда: 37 олимпиадалық, 28 олимпиадалық емес және 9 ұлттық спорт түрлері бар.
Сондай-ақ, 18 490 спортшымен оқу-жаттығу сабақтарын жүргізуде. нықтар айтқанда, олимпиадылық спорт түрімен – 12481, қысқы спорт — 338, олимпиадалық емес – 4008, ұлттық спорт түрі – 1322, мүгедектігі бар спортшылар – 341 (пара-72, сурдо-153) айналысады.
Сондай-ақ штаттағы 912 жаттықтырушы жұмыс істейді, олардың 638 олимпиадалық спорт түрі болса, 69 – ұлттық, 182- олимпиадалық емес және мүгедектігі бар — 23 жатықтырушы жұмыс істейді. 2024 жылға жергілікті бюджеттен спорт секцияларын жан басына шаққандағы қаржыландыру жобасына 2 866,0 млн. теңге қаржы қарастырылған.
Қазіргі таңда, мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына нормативтік қаржыландыру платформасында 109 кәсіпкер біліктілік іріктеуден өтіп, спорттың 17 түрінен 195 секцияда 12 024 бала спортпен айналысуда. Осы жоба аясында 328 жаттықтырушы және 195 жуық басқа да қызметкерлер жалпы саны 523 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отырғанын айтты басқарма басшысы.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика