• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТТЕ ЖӘНДІКТЕРГЕ ҚАРСЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Автор:admin

Июн 3, 2024
Spread the love

Кенелерге қарсы залалсыздандыру шаралары бүгінде қаладағы 5 аудан аумағында жалғасуда. Бұл бағыттағы жұмыстар жылына 4 рет, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек айларында жүргізіледі. Алайда, ауа-райының қолайсыздығына байланысты өзгеруі де мүмкін. Кәсіпкерлер мен жеке үйлердің иелері залалсыздандыруды өз қаражаты есебінен жүргізуге міндетті.
Қазір жалпы аумағы 117 га құрайтын «Дендро саябақ» аумағы масаға қарсы залалсыздандырылуда. Бекітілген жоспарға сәйкес, жалпы 4 636 911 шаршы метр қора-жай, буферлік аумақ, саябақтар мен гүлзарлар залалсыздандырылады. Бұл бағыттағы жұмыстар жылына 2 рет, көктем, күз мезгілінде атқарылады. Жоспарға сәйкес, масаға қарсы залалсыздандыру шаралары қала аумағындағы 45 гүлзар, 12 саябақ, 35 өзенде және 2 су қоймасында жасалады.
Алда – алғашқы нағыз жылы демалыс күндері. Көптеген адамдар табиғатқа демалуға барады, онда… кенелер. Қазақстан аумағының басым бөлігінде аса қауіпті ауру — кене энцефалитін (және басқа да ауруларды) тарататын энцефалиттік кенелер жиі кездеседі.
Кене шағудан қалай сақтануға болады?
— Ұзын жеңді ашық түсті киім киіңіз, шалбарды шұлыққа, басыңызға орамал немесе панама киіңіз, мойынды да орап алған дұрыс.
— Егер аллергия болмаса, аяқ киім мен киімді жәндіктерге қарсы арнайы құралдармен (репеллент) шашыратыңыз.
— Құрғақ шөптер, бұталар бар жерлерден аулақ болыңыз, ағаштардың астында ұзақ отырмаңыз.
— Әр сағат сайын бір-біріңіздің денелеріңізді кенелерден тексеріңіз.
— Кенелер жиі жабысатын дене аймақтарына ерекше назар аударыңыз: шап аймағы, іш және бел аймағы, кеуде, қолтық, мойын, құлақ аймағы, шынтақ буыны, тізе артында.
— Кене энцефалитіне қарсы вакцина алуға болады.
Егер сізге кене жабысып үлгерген болсаңыз, сіздің әрекеттеріңіз:
1. Мүмкін болса, жәндік шаққандарді қабылдау орны ретінде анықталған медициналық мекемеге дереу барыңыз. Егер бұл мүмкін болмаса, паразитке май немесе алкоголь бар сұйықтықты тамызыңыз, 20 минут күтіңіз, содан кейін екі рет жіппен ораңыз немесе пинцетпен қысыңыз да кенені баяу тартып алыңыз.
2. Құмыраға салыңыз және өзіңізбен бірге ауруханаға апарыңыз.
3. Бір тәуліктен кешіктірмей энцефалитке қарсы профилактика (кенеге қарсы иммуноглобулин инъекциясы) жүргізілетін жақын жердегі медициналық мекемеге хабарласыңыз.
4. Инъекция алдында дәрігерге өткен және созылмалы аурулар туралы хабарлаңыз, аллергия туралы ескертіңіз.
5. Шаққаннан кейін бір ай ішінде әл-ауқатқа назар аударыңыз. Қызба, әлсіздік, буын ауруы, жүрек айну, бас ауруы пайда болса, дереу инфекциялық дәрігерге немесе жалпы тәжірибе дәрігеріне хабарласыңыз.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика