• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТТЕ «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТЕДІ

Автор:admin

Май 29, 2024
Spread the love

Республикалық «Халық заңгері» акциясын Шымкентте 30 мамыр күні ұйымдастыру жоспарланып отыр. Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттырып, заң тұрғысынан көмек көрсету. Шара барысында кез-келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік мамандардан тегін консультация ала алады. Олардың арасында белгілі құқық қорғаушылар, нотариус, прокурор, тергеуші, сот орындаушылары және мемлекеттік органдардың басшылары бар.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың өкілдері және басқалары бар.
Заң үстемдігін нығайту мақсатында қазір «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының қағидаттарын енгізу арқылы «Әділетті Қазақстан» құру мәселесі күн тәртібіне шығып отыр.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Әділетті Қазақ­стан» – бұл әуелі халықтың заңды құқығы мен азаматтық қоғам қа­ғидат­та­рына сай эконо­­­мика­лық, әлеу­меттік, саяси құқық­­­тарының қор­ғалуын қамтамасыз ететін мем­­­­­­­­­­­­­­­лекеттік ұстаным. Заң­­­ды білу тек құқық қорғау ор­гандары мен заң­герлерге ғана міндет емес. Заң­­­­ды білу және заң талаптарын орындау, алдымен халықтың құ­қықтық сауаты мен құқықтық мә­­­­дениетін қалып­тастыру арқылы жү­зеге асады. Яғни, құқықтық ме­­­­млекет құру, заң үстемдігін ор­нату про­цесінде құқықтық тәрбие мәсе­ле­лерінің маңызы жоғары.
Жеке адамның құқықтық мә­дениеті мен құқықтық санасын қалыптастыру, тұрғындарға заң тұрғысында тегін кеңес беру мақ­сатында 2016 жылдан бері рес­пуб­ликамыздың барлық өңірінде «Халық заңгері» рес­публикалық акциясы ұйымдастырылып ке­­­леді.
Жалпы ҚР Үкіметінің қолдауымен өтетін акцияға 2016-2023 жылдар аралығында 8 мыңнан астам үздік сарапшы және мемлекеттік органдардың шешім қабылдай алатын құзыретке ие өкілдері қатысқан. Бұл мамандардан 165 мыңнан астам азамат тегін кеңес алды.
Күні: 30 мамыр, сағат 16:00
Өтетін орны: Шымкент қаласы, Арбат (Бейбітшілік көшесі 4-6)
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика