• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ҚОНАЕВ ДАҢҒЫЛЫНА ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Автор:admin

Май 27, 2024
Spread the love

Қаламызда көлік ағыны ең көп көшелердің бірі Қонаев даңғылының Рысқұлов көшесі мен Түркістан көшесі аралығындағы аумағы орташа жөндеуден өтті. 2007 жылы салынған жолдың асфальт жабындысы биыл ауыстырылып отыр. Жолда шұңқырлар пайда болуына байланысты тұрғындардан арыз-шағымдар түскен болатын. Қазір ескі асфальт жабындысы толық алынып, жаңа екі қабатты асфальтті бетон төселді. Жөндеу жұмыстары толық аяқталып, 4 жолақ сызылды.
Қонаев даңғылының жалғасы 7 кезеңнен тұрады. Қазіргі уақытта жұмыстар аяқталып, 1, 3 және 4-кезеңдері пайдалануға берілді, 2 және 5-кезеңдерін жүзеге асыру бойынша құрылыс жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар, Өтегенов көшесі ұзартылып, 1,2 кезектері бойынша жұмыстар жүргізілуде. Биылғы жылы Қонаев 2-кезеңін, ал Өтегенов 1,2-кезеңін аяқтау жоспарланып отыр.
Бұл ретте қала әкімдігі қалаішілік жолдарға ғана емес, тұрғындар үшін де, көршілес аудан, қала тұрғындары үшін де маңызды айналма жолдарға да ден қоюда. А-2 айналма жолын қайта жөндеу жұмыстары мегаполис басшысының тікелей бақылауында. Бұл бағыттағы жұмыстар 8 кезеңнен тұрады, оның 1, 2 және 3-і аяқталып, жыл соңына дейін пайдалануға берілді, 4, 7 және 8-кезеңдерін аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда. Ал 5 және 6 келесі жылы қолданысқа беріледі. Сонымен қатар, Бәйдібек би даңғылындағы көлік қозғалысын оңтайландыру және кептелістерді азайту үшін биыл Алтынсарин көшесін қайта жөндеу жұмыстарын бастау жоспарлануда. Қалада Юсупов, Тамшыбұлақ, Жаңа Қоныс, Ізенді көшелерінде де күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Қалаішілік көшелерді орташа жөндеуден өткізу мақсатында биыл ұзындығы 92,6 шақырымды құрайтын 144 көше жөнделеді. Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес қауіпсіз жол қозғалысын ұйымдастыру мақсатында магистральді және орамішілік көшелерде шұңқырларды жамау жұмыстарын жүргізу, сол арқылы 420 000 шаршы метр аумақты қалпына келтіру жоспарлануда.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика