Аталмыш акцияға мемлекеттік мекеме басшылары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, мемлекеттік сот орындаушылары қатысып, аудан тұрғындарына көтерген мәселелері бойынша тегін құқықтық кеңестер берді. “Халық заңгері” акциясы аясында тұрғындар тарапынан кәсіпкерлік саласында субсидия алу мәселесі, сот актілерінің орындалуы, мүгедектігі бар адамдарға жәрдемақылар және жер мәселесі бойынша сауалдар қойылды.
Басты мақсаты – халықтың құқықтық сауатын жоғарылату, халыққа құқықтық көмек көрсету, тегін заң кеңестерін беру. Мемлекеттік барлық құқық қорғаушы органдарының белгілі заңгерлері тұрғындар тарапынан туындаған құқықтық сұрақтар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, халыққа заң кеңестерін береді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұл акцияға әр жыл сайын белсенді қатысады.
Халықтың мұңын тыңдап, тегін заң кеңесін берудің жөні бөлек. Акция аясында тұрғындар білікті мамандардан тегін заң көмегін алудың қолжетімді болғанына дән риза.
Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі