• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ЖЕТІСАЙ: ҚҰЗЫРЛЫ ОРГАНДАР АЛАЯҚТАРДАН САҚТАНУҒА ШАҚЫРАДЫ (-2-)

Автор:admin

Май 31, 2024
Spread the love

«Алаяқтық қылмыстарды жасаушылар телефонға телмірген аңғал елді түрлі тәсілдермен алдап, үйде отырып-ақ үлкен табысқа кенелуге болатынын немесе банк қызметкері екенін айтып сендіреді. Жұмысқа орналасу, тұрғын үй, жер учаскесін, мемлекеттік жеңілдіктерді алу, қылмыстық жауаптылықтан босату немесе банктен несиені жылдам рәсімдейміз деп ақшалай сыйақы алып, азаматтардың ақшаларын иемденіп кету, несиеңізге рақымшылық жасауға көмектесеміз, уәкілетті органға тиісті өтініш жазып береміз деп халықтың ақшасын жымқыру секілді алаяқтық қылмыстардың да соңғы кездері жиі кездесіп жатыр» деген аудан прокуроры барынша сақтық шараларын күшейтіп, қандай да бір алаяқтық әрекеттерін байқаған жағдайда құзырлы органдарға қоңырау шалу керектігін ескертті.
Алаяқтық фактілерінің аудан көлемінде ең көп тараған түрлері ретінде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мен жеңілдетілген несие алып беру, вахталық жұмысқа орналастыру бойынша алдын ала ақша алып, қайтармау деректерін айтқан прокурорлар қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Қылмыстардың алдын алу бойынша айтылған ұсыныс-пікірлер талқыланды. Алаяқтар тарапынан онлайн несие алудың алдын алу бойынша арнайы бейнероликтер көрсетіліп, үнпарақшалар таратылды.
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика