Аудан әкімі Арман Қарсыбаев Шардара қаласының түрғыны, 100 жастағы қария, Ұлы Отан соғысы жылдары тылда еңбек еткен Сейдуалы Бапайұлының шаңырағына барып, ғасыр жасаған қарияның ақ батасын алып, әңгімелесті.
«100 жасаған торқалы тойыңыз құтты болсын! Бір ғасыр өмір сүру екінің біріне бұйыра бермейтін биік шың. Соның басына шығу жолында Сіздің ғұмырыңыз түрлі қиындықтар мен қуаныштарға толы болды. Ұлы Отан соғысы жылдары тылда жүріп, ел үшін аянбай тер төктіңіз. Сіздің елге жасаған әр ісіңіз бүгінгі ұрпаққа өшпес өнеге. Халқымызда «Қариясы бар ел – қазыналы ел» деген тағылымды сөз бар. Біз, әрқашан қариясын қадірлеп, ардагерін ардақтаған текті елдің ұрпақтарымыз.
Ұрпақ болашағы жолында танытқан қайсарлығыңыз үшін алғысым шексіз. Сізге зор денсаулық, отбасыңызға бақ-береке, ұрпағыңыздың қызығын көріңіз.»- деді Арман Қарсыбаев.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі