Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кеңейтілген мәжілісі өтті.
Мәжіліске аудан әкімінің орынбасары, мәжіліс төрағасы Б.Шомпиев, аудан прокуратурасының прокуроры С.Ашимхан, аудан полиция бөлімі,комиссия мүшелері және басқа да мекемелер қатысты.
Жиында күн тәртібіндегі 25-мамыр Білім беру ұйымдарында «Соңғы қоңырау»шараларын өткізу және балалардың жазғы демалысы кезіндегі қауіпсіздік шаралары бойынша жан-жақты мәселелер қаралып, балалар қауіпсіздігіне тікелей жауапты тараптарға тиісті тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар, жазғы демалыста балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары пысықталды.
Яғни, жасөспірімдердің өміріне қауіпсіздік сақтау бойынша (судан, өрттен, жолда жүру) іс-шаралары қатаң бақылауға алынып, осы мәселе бойынша ата-аналармен әр түрлі форматта тұрақты байланыстар орнату, аудандық полиция бөлімі қызметкерлері, ауыл ақсақалдарымен бірлесіп, оқушылардың заңсыз автокөлік құралдарын пайдаланбау және суға шомылуға тыйым салынған аймақтарға суға түспеу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізу, жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында мектептен тыс мекемелердегі үйірме жұмыстары тұрақты жүргізу, ашылған сауықтыру-демалыс лагерінің аумағында демалыс маусымында қоғамдық тәртіптің сақталуы қамтамасыз ету, ата-аналар арасында оқушылардың заңсыз автокөлік құралдарын пайдаланбау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізу және түнгі уақытта жасөспірімдердің үй-жайлардан тыс жерлерде болуын анықтау мақсатында құрылған мобилді топ мүшелерімен бірлесіп халық көп шоғырыланатын кафе, тойхана және сауықтыру кешендерімен елді мекендерде рейдтік іс-шаралар тұрақты ұйымдастыру бойынша жұмыс жоспарлары сараланды.