• Ср. Ноя 27th, 2024
Популярные метки

БӘЙДІБЕК: «БОРЫШКЕР» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

Автор:admin

Май 20, 2024
Spread the love

Түркістан облысы аумағында 2024 жылдың мамыр айының 20-24 күндері аралығында «БОРЫШКЕР» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Осыған байланысты жергілікті сот орындаушылары мен Бәйдібек аудандық полиция бөлімі қызметкерлері бірлесіп, рейдтік шара ұйымдастыруда. Сот орындаушылар темір тұлпар тізгіндеушілерді арнайы қаулымен таныстырып, қарызын ерікті немесе мәжбүрлі түрде өндіру мәселесін түсіндіруде. Берешегін өтмеген және өтеуден жалтарып жүрген тұлғалардың көлігі айыптұраққа жабылады.
Осы ретте аудан тұрғындарына, өздеріне салынған айыппұлды уақтылы, яғни Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес 7 тәулік ішінде 50 % жеңілдікпен төлеуге мүмкіндігі бар екенін, төлемеген жағдайда айыппұл 100%-ға (2 есеге) көбейтілетінін ескертеміз.
Сонымен қатар айыппұл салынған күннен бастап 40 күн ішінде ерікті түрде төлемеген жағдайда, мәжбүрлі түрде өндіру мақсатында Сот орындаушыларға жолданатынын, ары қарай борышкерлерге заңды түрде шектеулер қойылатындығын хабарлайды.
Егер де, Сіздің тарапыңыздан айыппұлдар бойынша қосымша сұрақтарыңыз болса, Бәйдібек АПБ ӘПБ-нен толық біле аласыздар.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика