Саясат əйелдерді нақты қажет етпеді, бұның себебі психологиялық
ерекшелік болып табылады: əйелдер ерлерге қарағанда төмен бағаланады.
Бұның негізінде əйелдермен қатар ерлердің төмен бағалануы жатыр. Қазір
əйелдердің психологиялық қайта қалыптасуы анық байқалады. Қазіргі
кезеңде əйелдердің əлеуметтік саяси бейімделуі өте тиімді болуы қажет.
Бүгінгі таңда əйелдердің азаматтық белсенділігі байқалады, бұның негізгі
көрсеткіші əйелдер қызмет ететін үкіметтік емес ұйымдар санының өсуі
болып табылады. Əйелдердің үкіметтік емес ұйымдары гендерлік саясаттың
индикаторы деп айтуға болады. Тəуелсіздікті алумен Қазақстанда бұқаралық
əйелдер ұйымының құрылу процесі қарқынды өсуде. Республикада 150 -ден
аса əйелдер мəселесімен айналысатын əйелдердің үкіметтік емес ұйымдары
қызмет етеді. Əйелдер қозғалысы қалыптастырған бүгінгі таңда белгілі
мынадай ұйымдар бар, олар«Іскер əйелдер ассоциациясы», «Феминисткая
лига» сынды бірқатары. Қазақстанда гендерлік қозғалыс дамуының маңызды бір кезеңі ҚР
Президенті жанындағы отбасы жəне əйелдер ісі бойынша ұлттық
комиссияның құрылуы болды. Соңғы кездері əйелдердің үкіметтік емес ұйымдарының қызметтерінде маңызды өзгерістер болды. Бастапқы кезде барлық ұйымдар бала жəне əйелді
əлеуметтік жағынан қорғау, көп балалы жəне жалғыз басты аналардың,
мүгедек аналардың құқықтарын қорғаумен қатар психологиялық жəне
заңдық көмек көрсетеуді қамтамасыз етумен айналысса, ал қазіргі таңда
олардың қызметі əйелдердің саяси белсенділігінің денгейін көтеруге, саяси
процестегі сұрақтарды шешуде олардың теңқұқылы қатысуына, саяси
қатынастарда əйелдердің теңқұқылы субъект болуына бағытталған. Бұрын
саясатқа ер адамдарға қарағанда əйелдер саяси тəжірибелері аз денсаулық
сақтау, білім салаларынан келетін болатын, соңғы кездерде жағдай өзгерді,
қазір саясатта саяси тəжірибесі өте жоғары заңгер, бизнесмен əйелдер саны
өсіп келеді. Қазақстан азаптау мен зорлық-зомбылыққа, әсіресе әйелдер мен балаларға мүлдем төзбеушілік саясатын берік ұстанады. Осыған байланысты БҰҰ азаптаулардың алдын алу жөніндегі кіші комитеті делегациясының 2016 жылғы қыркүйектегі сапарының қорытындылары бойынша ұсынымдардың басым бөлігі ұлттық заңнамаға имплементацияланды. Сонымен қатар, Қазақстан бұл мәселе бойынша БҰҰ шарттық органдарымен белсенді ынтымақтастықты жалғастырып келеді.
R-ақпарат