Бүгін мектеп бітіруші түлектердің қауіпсіздігі және жасөспірімдер мен мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді өткізу бойынша атқарылатын шаралар туралы мәжіліс өтті.
Сондай-ақ, жиналыста күн тәртібінде өзекті деген бірнеше мәселе қаралды.
1.Қала аумағындағы балалардың құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша атқарылатын жұмыстар;
2. Балалардың шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары және төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша атқарылатын жұмыстары туралы;
3.Қала аумағындағы мемлекеттік және жекеменшік мектеп бітіруші түлектердің қауіпсіздік шаралары мен балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жұмыстары туралы;
4. Қала аумағындағы кәмелет жасына толмағандарды және жасөспірімдерді бұқаралық спорт түрлеріне тарту бойынша атқарылған жұмыстар мен жоспарлар жайында қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша комиссия мүшелері өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Жиын соңында кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қауіпсіздігі, жат әдет- қылықтардын аулақ болуы, қажетті деңгейде білім мен тәрбие алуы, олардың құқықтарының қорғалуы жауапты мекемелердің ұдайы назарында болуы қажеттігін айтылып, нақты тапсырмалар жүктелді.