• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Суға түсуге тыйым салынған аумақтарға рейдтік шаралар жүргізілуде (-1-)

Автор:admin

Июн 11, 2024
Spread the love

Жазғы демалыс маусымы басталуына байланысты ордабасылық полицейлер Арыс өзені жағасындағы демалушыларға су мен өрт қауіптілігінің алдын алу мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, рейдтік шаралар атқарылуда.
Тыйым салынған орындарға шомылған азаматтарға суға шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың салдары қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін екендігін ескертті. Сондай-ақ тыйым салған орындарға шомылған тұрғындарға әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту берілді.
Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы — суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау. Су мен от тілсіз жау екенін естен шығармаңыздар.
Суға шомылу кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары:
Жазғы кезең әр адамның ең қызыққа және саяхатқа толы кезеңі. Әрбір адам саяхатқа шыққан уақытта судың жағасына баруды жоспарлайтыны туралы бәрімізге мәлім. Суға шомылу кезінде адам өміріне зардап келмес үшін, Жаңақала ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері сіздерді «Суға шомылу кезеңіндегі қауіпсіздік ережелерін» қатаң түрде сақтауларыңызды талап етеді. Қауіпсіздік ережелерін қадағалау арқылы біз демалысымызды жақсы өткізіп қана қоймай адам өмірін сақтап қаламыз. Осыған байланысты, азаматтардың назарына бірінші кезектегі қауіпсіздік ережелерін еске саламыз:
— Суға түсуге рұқсат етілмеген орындарда шомылуға;
— Мас күйінде суға түсуге және шомылуға;
— Балаларды қараусыз қалдыруға;
— Тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге;
— Суға жарлардан, қайықтардан, катерлерден және секіруге бейімделмеген құрылыстардан суға секіруге болмайды;
— Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын тереңдігін мұқият қарап тексеріп алыңыз;…

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика