Түркістан облысы Полиция департаменті Арыс аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен аудан аумағында автомобиль жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті арттыру, сондай-ақ желіде қызметін тіркеусіз жүзеге асыратын азаматтарға қатысты бақылауды күшейту мақсатында ағымдағы жылдың маусым айының 10-16 күндері аралығында «Автобус» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
100-ге тарта жүргізушілерді қамтыған шара аясында Арыс ауданының полиция бөлімінің қызметкерлерімен алдын ала және кезең-кезеңімен, жолаушылар тасымалымен айналысатын көлік құралдарының техникалық жәй-күйі, оның ішінде рейс алдында жүргізушіні медициналық қарау, олардың еңбек және демалыс режимін сақталуы тексерілуде.
Айта кететін, 6 мамырдан бастап Қазақстан Республикасының жол жүру ережесіне жаңа 62-1 тармақ күшіне енді, онда «екі жолақты жолдар 1.1 жол белгілерімен бөлінген (біртұтас – ред. ескертпесі) және (немесе) 3.20 белгiсi бар (басып озуға тыйым салынады), ережеде көзделген жағдайларды қоспағанда, қарсы қозғалысқа арналған жол жиегімен жүруге тыйым салынады». Сонымен қатар ережелер бойынша енді бағдаршамның жаңа сигналы – жасыл түсті «+»белгісін көрсетеді, бұл «қарсы бағытта келе жатқан көліктерге тыйым салатын қызыл тұсті белгі қосылады (бұрын жол қозғалысы ережелерінде қызыл плюс белгісі көрсетілген)». «Жол қозғалысы ережелеріне өзгертулер жобасы бойынша, сары бағдаршаммен жүруге толық тыйым салынбай, «егер бағдаршамның жұмыс режимі жасыл белгі өшіп-жанбаса» бұл жағдайда рұқсат беру туралы шешім қабылданады», — делінген жаңа тармақта.