• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

«Тұран» футбол командасы: алаяқтан сақтан!

Автор:admin

Июн 10, 2024
Spread the love

Соңғы жылдары Қазақстанда интернет-алаяқтық деректері күрт артып, қарапайым халық жиған-тергенінен қағылып жатыр. Алаяқтардың қитұрқы әдістері одан әрі дамып, адам сенімін улап бітті. Мұқтаж жандарға қол ұшын созамын деушілер үшін технология да дамып кеткен. Ұялы телефондағы қосымша арқылы кез-келген соманы аудара салу оп-оңай. «Ауырып жатқан бүлдіршінге көмектестім» деп, аударылған қаражат қалай және қайда жұмсалғанын білмейміз де. Алайда қайырымдылық ісінде де алаяқтық белең ала бастады.
Түркістан облысы полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері интернет алаяқтықтың алдын алу бойынша көптеген сала мамандарымен бірлесіп профилактикалық жұмыстарды жүргізуде.
Бұл жолы полицейлер Қазақстанда ең танымал спорт түрі футболмен айналысатын «Тұран» командасымен бірге профилактика жасады.
Футболдан премьерлига командалары арасында Түркістан облысының намысын қорғайтын «Тұран» командасының белді ойыншылары барша азаматтардан алаяқтарға алданбай, үнемі сақ болуға шақырды.
Соңғы статистикалық мәліметтерге зер салсақ, күмәнді мақсаттар үшін жалпы 138 банктік карта ашылған. Ал 660 мыңнан аса адамнан жиналған қаржы сомасы 6 млрд тең­гені құрайды. Соның 33%-ында (2 млрд теңге) алаяқтық белгісі бар. Анықталғандай, алаяқтар көптен жинағанды өздерінің бас пайдасына жаратқан. Мәселен, ақшаны жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сатып алуға, тұрмыстық шы­ғын­дарға, букмекерлік кеңселерде бәс тігуге және шетелдегі қымбат пәтер­лерді жалға алуға жұмсапты.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика