Биыл мемлекеттігіміздің символдарының қабылданғанына 32 жыл толды. 1992 жылдың басында мемлекеттік үш нышан – Ту, Елтаңба және Әнұранымызды таңдау үшін Жоғарғы кеңес президиумы жұмыс тобын құрып, арнаулы шығармашылық комиссия тағайындады.
Мемлекеттің рәміздері – оның егемендігі мен тәуелсіздігінің, халық пен билік бірлігінің айғағы. Олар мемлекеттілік идеясын, топтасу мен ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға ұмтылуды білдіреді. Еліміздің мемлекеттік рәміздерінің мақсаты, бір жағынан мемлекет идеясының негізгі басымдықтарын қалыптастыру: тұтастық, тәуелсіздік, ел азаматтарының бірлігі, ал екінші жағынан ел азаматтарының бейбіт тату көршілікті жақтаушы ретіндегі бейнесін халықаралық деңгейде қалыптастыру болып табылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні-бұл Отанымыз үшін патриоттық пен намыстың мерекесі. Себебі әрбір азаматтың жүрегінде Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыруда мемлекеттік рәміздердің маңызы зор.
Осы ретте Созақ аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы сапқа тұрып, Әнұран шырқап, баршаңызды Ұлы мерекемен құттықтайды.
Ал «Менің Қазақстаным», әрбір қазақстандықтың жүрегін елжіретіп, бірлік пен татулыққа үндейтін құдіретті шығарма!