• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР РӘМІЗДЕР МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТУГЕ ҮЛЕС ҚОСТЫ

Автор:admin

Июн 5, 2024
Spread the love

Биыл мемлекеттігіміздің символдарының қабылданғанына 32 жыл толды. 1992 жылдың басында мемлекеттік үш нышан – Ту, Елтаңба және Әнұранымызды таңдау үшін Жоғарғы кеңес президиумы жұмыс тобын құрып, арнаулы шығармашылық комиссия тағайындады.
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстанда ту, елтаңба және гимн – мемлекеттік рәміздер болып саналады.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
Түркістан облысы Полиция департаменті Қазығұрт ауданындық полиция бөлімінің тәртіп сақышылары 4-маусым Мемлекеттік рәміздер күніне орай аудан көлемінде өткізілген авто шеруді сүйемелдеуге қатысты.
Еліміздің рәміздеріне деген құрметті осындай бағытта көрсеткен Қазығұрт жастары авто шеруге қолдау көрсеткен полицейлерге алғыс білдіреді.
Еске салайық, 2022 жылдың маусым айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік рәміздерді пайдалану туралы заңнаманы қатайтып, жастармен кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін мәлімдеген болатын.
Сондай-ақ ҚР Қылмыстық кодексінің 372-бабына «Мемлекеттік рәміздерді қорлау» деген өзгеріс енгізілді. Нәтижесінде мемлекеттік рәміздерді қорлағаны үшін айыппұл үш мың АЕК-ке дейін көтерілді. Сондай-ақ бұзақы 900 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тартылуы мүмкін.
Біз біріксек үлкен күшпіз. Елге құрмет, Отанға құрметіміз арта берсін!
Рәміздер күні құтты болсын!
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика